Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 219-бабының 3-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16 және 18-тармақтарына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы "Уақытша әкелу (рұқсат ету) кедендік рәсімін қолданудың кейбір мәселелері туралы" № 109 шешімінің 2-тармағының үшінші абзацы "ал көрсетілген 2021 жылғы 1 наурыздан бастап қоса алғанда 2022 жылғы 28 ақпанға дейінгі кезеңде уақытша әкелу (рұқсат ету) кедендік рәсіміне жатқызылған тауарларға қатысты - егер аталған тізбеде өзге мерзім белгіленбесе, - 2 жыл." деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 1 наурыздан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
М. Григорян | И. Петришенко | Б.Сұлтанов | А.Кожошев | А. Оверчук |