Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 14 шешімінің 3-тармағына өзгеріс енгізу және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 44 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 79 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Өзіндік ерекшелікті субсидиялар берудің жекелеген критерийлерін қолдану шарттарының тізбесі туралы" 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 14 шешімінің 3-тармағындағы "осы Шешім күшіне енген күннен бастап 1 жыл бойы" деген сөздер "2024 жылғы 21 мамырға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2.  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 14 шешімін іске асыру туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 44 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2022 жылғы 22 мамырдан ерте емес мерзімде күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б. Сұлтанов

А. Кожошев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады