Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 107 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Темекі өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 035/2014) техникалық регламентінің 16-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 24-тармағының 15-тармақшасына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 30-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Қоса беріліп отырған есепті күнтізбелік жыл ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында сатылған темекі өнімдерінің құрамы мен олардан бөлінетін заттар туралы есептің нысаны (бұдан әрі – есеп) бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте (бұдан әрі – мүше мемлекет) есеп құрамында ұсынылатын деректерді беру мен сақтаудың құпиялылығын қамтамасыз ететін электронды жүйе енгізілген жылдан кейінгі күнтізбелік жыл есеп ұсынылатын бірінші есепті күнтізбелік жыл болып табылады деп белгіленсін.
3. Мүше мемлекеттердің үкіметтерінен осы Шешімнің 2-тармағында көзделген электронды жүйені әзірлеуді және пайдалануға енгізуді қамтамасыз ету сұралсын.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
В. Григорян | И. Петришенко | Б. Сұлтанов | А. Кожошев | А. Оверчук |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 82 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Есепті күнтізбелік жыл ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында сатылған темекі өнімдерінің құрамы мен олардан бөлінетін заттар туралы
ЕСЕПТІҢ НЫСАНЫ
20_____ жылы
Еуразиялық экономикалық одаққа
мүше мемлекеттің аумағында сатылған темекі өнімдерінің
құрамы мен олардан бөлінетін заттар туралы
ЕСЕП
Темекі өнімі түрінің атауы________________________
Темекі өнімінің атауы __________________________
1. Темекі өнімінің құрамы туралы ақпарат:
1) темекі өнімінің массасы (мг) _____________________________
2) темекі өніміндегі темекі массасы (мг)_______________________
3) темекіге қосылатын ингредиенттер:
4) темекі емес материалдарда болатын ингредиенттер (олар болатын темекі емес материалдардың санаттары бойынша):
2. Әр атау бойынша сигарета түтінінде және ерікті негізде басқа да бөлінетін заттарда* (мг/сиг.) шайырдың, никотиннің және көміртек монооксидінің болуы туралы ақпарат:
1) шайырдың мөлшері ______________________________________
2) никотиннің мөлшері ____________________________________
3) көміртек монооксидінің мөлшері __________________________
________________________________________________________
3. Есепті жылы темекі өнімін өндірушінің және (немесе) импорттаушының немесе олардың тапсырысы бойынша темекі өнімдерінде болатын ингредиенттерге қатысты токсикологиялық зерттеулердің жүргізілуі туралы ақпарат.
Токсикологиялық зерттеулер жүргізілді ме?
□ Ия
□ Жоқ
4. Коммерциялық құпияны құрайтын (құпия сипаттағы ақпарат болып табылатын) мәліметтер ___________________________________________
(осы есептің 1-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көзделген кестелердің тармақтары)
көрсетілген.
Ескертпелер: |
1. Коммерциялық құпияны құрайтын (құпия сипаттағы ақпарат болып табылатын) мәліметтер болмаса, сызықша қойылады. |
______________________________________________________________
(темекі өнімін дайындаушының, бақылаушы ұйымның немесе импорттаушының атауы – керегін көрсету керек)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)
20___жылғы "___" ____________ | М.О. |