Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 30 қазандағы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2018 жылғы 27 шілдедегі № 8 өкімін және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № 37 өкімін орындау барысы туралы" № 23 өкімін орындау барысы туралы ақпаратын ескере келіп және Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру нәтижелері туралы есебінде ұсынылған ұсынымдарды назарға ала отырып:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен (бұдан әрі тиісінше - Одақ, мүше мемлекеттер) бірлесіп, Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру нәтижелерін ескере отырып, "Қауіпті өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске асыру үшін қажетті Одақ органдарының актілерін дайындауды қамтамасыз етсін.
2. Мүше мемлекеттердің Үкіметтерінен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 23 өкімінің 1-тармағының "б" тармақшасын және 2-тармағын орындауды қамтамасыз ету және бұл туралы Комиссияны хабардар ету сұралсын.
3. Комиссия Алқасы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің аталған салада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасын үндестіру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдемелері туралы келісімді және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерімен талап қою белгіленбеген өнім айналысының тәртібі туралы келісімді іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы өкімінің жобасын Комиссия Кеңесінің қарауына енгізсін.
4. Осы Өкім Одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко Б.Сұлтанов А.Кожошев А.Оверчук