Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2018 жылғы 27 шілдедегі № 8 тапсырмасын және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № 37 өкімін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орындау барысы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 23 өкімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 10 мамырдағы № 74 шешіміне сәйкес Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру бойынша пилоттық жобаны (бұдан әрі тиісінше – пилоттық жоба, хабардар ету жүйесі) іске асыруды көздейтін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2018 жылғы 27 шілдедегі № 8 тапсырмасы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № 37 өкімін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) орындау барысы туралы ақпаратты ескере отырып:

      1. Мүше мемлекеттердің үкіметтерінен:

      а) Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 768 шешімімен қабылданған "Төмен вольтті жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 004/2011), Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 797 шешімімен қабылданған "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 007/2011), Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 798 шешімімен қабылданған "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 008/2011), Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 018/2011), Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 67 шешімімен қабылданған "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 033/2013), Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 68 шешімімен қабылданған "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 034/2013) Кеден одағының техникалық регламенттері бойынша пилоттық жобаны іске асыруды 2021 жылғы 1 шілдеге дейін аяқтауды;

      б) Одақ шеңберінде "Қауіпті өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске асыру басталғанға дейін Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің өнімді контурында хабардар ету жүйесінің ұлттық компоненттерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету сұралсын.

      2. Мүше мемлекеттердің үкіметтерінен мүше мемлекеттердің осы Өкімнің 1-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген техникалық регламенттердің талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыруға уәкілетті органдарының 2021 жылғы 1 шілдеден бастап хабардар ету жүйесіне енгізілген ақпарат негізінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімге қатысты мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген шараларды қабылдауын қамтамасыз ету сұралсын.

      Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара бір-бірімен, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) өзара іс-қимылы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 12 қарашадағы № 182 шешіміне сәйкес жүзеге асырылсын.

      3. Комиссия Алқасы:

      Одақ шеңберінде "Қауіпті өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске асыру кезінде пилоттық жобаның нәтижелерін пайдалансын;

      осы Өкімнің орындалуы туралы Комиссия Кеңесін хабардар етсін.

      4. Осы Өкім Одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов А.Новиков А.Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады