Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 81-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Қоса беріліп отырған Оларға қатысты кедендік операциялар бірінші кезектегі тәртіппен жасалатын Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде көзделгеннен өзге тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
М. Григорян | И. Петришенко | Б. Сұлтанов | А. Касымалиев | А. Оверчук |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 118 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Оларға қатысты кедендік операциялар бірінші кезектегі тәртіппен жасалатын Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде көзделгеннен өзге тауарлардың ТІЗБЕСІ
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы |
|
|
2306 |
2304 немесе 2305 тауар позициясында көрсетілгендерден басқа, тоңмайларды немесе өсімдік немесе микробиологиялық тектес майларды алған кезде алынатын жомдар және басқа да қатты қалдықтар |
3505 10 | Декстриналар және өзге де түрлендірілген крахмалдар |
3822 |
Диагностикалық реагенттер |
3824 99 550 0 | Тоңмайларға арналған эмульгаторлар |
Ескертпе. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың атауын да басшылыққа алу қажет.