1. Ресей Ғылым академиясының "А.К.Айламазян атындағы Бағдарламалық жүйелер институты" федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылым мекемесінің "Еуразиялық ақпараттық-есептеу инфрақұрылымы" мемлекетаралық бағдарламасының (бұдан әрі - бағдарлама) жобасын әзірлеу туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Ресей Ғылым академиясының "А.К.Айламазян атындағы Бағдарламалық жүйелер институты" федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылым мекемесі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру үшін жауапты (бұдан әрі - бағдарлама бойынша жауапты) деп айқындалсын.
3. Мүдделі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер осы Өкім күшіне енген күннен бастап 30 күндік мерзімде Еуразиялық экономикалық комиссияға ұлттық тапсырыс берушілер мен ұлттық тапсырыс беруші-үйлестірушілер туралы ақпарат жіберсін.
4. Бағдарлама бойынша жауапты ұлттық тапсырыс беруші-үйлестірушілермен бірлесіп, бағдарлама жобасын әзірлеуді және оны Еуразиялық экономикалық комиссияға 2023 жылғы 1 маусымға дейін ұсынуды қаматамсыз етсін.
5. Еуразиялық экономикалық комиссия бағдарлама жобасын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен келісуді және келісудің қорытындысы бойынша оны белгіленген тәртіпте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына ұсынуды қамтамасыз етсін.
6. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко Б.Сұлтанов А.Кожошев А.Оверчук