Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 100 шешімінің 2-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 138 шешімі.

      2017 жылғы 26 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларға қатысты ерекше субсидияларды Еуразиялық экономикалық комиссиямен ерікті түрде келісу және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ерекше субсидиялар беруіне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссияның талқылаулар жүргізу тәртібі туралы келісімнің 11-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Ерекше субсидияларға жол берудің жекелеген критерийін қолдану шарты туралы" 2019 жылғы 21 маусымдағы № 100 шешімінің 2-тармағындағы "2022 жылғы 28 қарашаға" деген сөздер "2024 жылғы 28 қарашаға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2022 жылғы 29 қарашадан ерте емес күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

С. Жұманғарин

А. Касымалиев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады