"Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 007/2011) өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 147 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 797 шешімімен бекітілген "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 007/2011) қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

С. Жұманғарин

А. Касымалиев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 147 шешіміне
ҚОСЫМША

"Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 007/2011) енгізілетін өзгерістер

      1. 1-баптың 1-тармағында:

      а) бірінші абзацтағы "шыққан еліне қарамай" деген сөздер алып тасталсын;

      б) үшінші абзац "галантерея бұйымдары," деген сөздерден кейін "бір рет қолданылатын санитариялық-гигиеналық бұйымдар," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 2-бапта:

      а) жетінші абзац алып тасталсын;

      б) тоғызыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "эпизодтық пайдалануға арналған бұйымдар - бұйымның таңбалауында тиісті ақпаратты көрсете отырып, аптасына 2 реттен артық емес 4 сағат бойы үздіксіз киюге арналған бұйымдар;".

      3. 5-бапта:

      а) 1-тармақтың үшінші абзацы "қолғаптар" деген сөзден кейін "(былғарыдан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын, "бессаусақтар" деген сөзден кейін "(былғарыдан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) 2-тармақта:

      сегізінші абзац деген сөздермен толықтырылсын "(егер олар бұйымның үстіңгі жағын сәндік безендіруге арналған болса, пайдаланушының терісімен тікелей жанаспайтын бұйымдардың 2-ші қабатын әрлеу бөлшектері мен үстіңгі бөлшектерінің гигроскопиялығы айқындалмайды; киімде және астарлы бұйымдарда гигроскопиялылық үстіңгі материал үшін және астар үшін бөлек айқындалады)";

      тоғызыншы абзац "(киімде және астарлы бұйымдарда үстіңгі материал үшін және астар үшін бөлек айқындалады)" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Конструкциясы (сарафандар, юбкалар, кеудешелер, қысқа шалбарлар) немесе материал құрылымы (бос тоқылған, кестелі) жағынан жоғары ауа өткізгіштік болжанатын бұйымдарда, сондай-ақ ауа алмасуды қамтамасыз ету үшін конструктивтік элементтері бар бұйымдарда "ауа өткізгіштігі" көрсеткіші бойынша сынақтар жүргізілмейді.".

      4. 6-баптың 2-тармағының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "- жасанды үлбірден (талшығы кем дегенде 80 % жүн талшығы салынған жасанды үлбірден басқа) және бүлдіршіндерге арналған қысқы аяқ киімдегі байкадан жасалған.".

      5. 9-баптың 2-тармағының үшінші абзацындағы "дистрибьютордың" деген сөз "сатушының" деген сөзбен ауыстырылсын.

      6. 11-баптың 1-тармағының екінші абзацындағы "дистрибьютор" деген сөз "сатушы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      7. 12-баптың 2-тармағының үшінші абзацындағы "іш киімдер" деген сөздер "жаялық-іш киім (іш киім)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. Көрсетілген техникалық регламентке № 1 қосымшада:

      а) 2-бағандағы 2-позицияда ", орындық " деген сөз алып тасталсын;

      б) 2-бағандағы 3-позицияда "іш киімдер" деген сөздер "жаялық-іш киім (іш киім)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 1-бағандағы 10-позицияда "спорттық," деген сөз алып тасталсын.

      9. Көрсетілген техникалық регламентке № 7 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

  "Балалар мен жасөспірімдерге
арналған өнімнің қауіпсіздігі
туралы" Кеден одағының
техникалық регламентіне
№ 7 қосымша
(Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 147 шешімінің
редакциясында)

Көрсеткіштің түрі

Көрсеткіштің атауы

Көрсеткіштің сипаттамасы, норматив

1

2

3

Уыттылық көрсеткіштері

ішке қабылдаған кездегі жіті уыттылық

5000 мг/кг көп

эксперименттік жануарлардың шырышты қабаттарына әсер ету

тітіркендіргіш әсер индексі – 0 балл

Сенсибильдеуші әсер

әсердің жоқтығы

in vitro баламалы әдістермен анықталған жалпы уытты әрекет

жоқ

Клиникалық көрсеткіштер

жергілікті тітіркендіргіш және аллергиялық әсер

24 сағат бойы бір рет және 72 сағат бойы екі рет күнделікті қолдану кезінде болмауы

тазарту әрекеті (тек тіс щеткалары үшін)

Грин-Вермиллион бойынша ауыз қуысының гигиенасы индексінің бір рет тістерді бақылау арқылы тазалау кезінде бастапқы мәнінен кемінде 40%-ға төмендеуі

      10.  Көрсетілген техникалық регламентке № 8 қосымша мынадай мазмұндағы 3 және 4-ескертпелермен толықтырылсын:

      "3. Қаптамадағы 2-қабатты киімдер мен бұйымдарда гигроскопиялық және ауа өткізу қабілеті үстіңгі материал үшін және астар материалы үшін бөлек айқындалады.

      4. 1 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге арналған, пайдаланушының терісімен тікелей жанаспайтын немесе шектеулі жанасатын (бұйымның үстіңгі жағы алаңының 10%-на дейін) бұйымдардың 2-ші қабатындағы әрлеу бөлшектері мен үстіңгі бөліктерінің гигроскопиялығы, егер олар бұйымның үстіңгі бөлігін сәндік безендіруге арналған болса, айқындалмайды.".

      11. Көрсетілген техникалық регламентке № 9 қосымшаның "2-ші қабат киімі және тігін бұйымдары" деген позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"

2-ші қабат киімі және тігін бұйымдары:
 
үстіңгі материал
 
астар

 
 
 
3
 
4 <4>

 
 
 
3
 
4

 
 
 
3 <3>
 
4

 
 
 
-
 
-

 
 
 
-
 
-

 
 
 
 
 
".

      12. Көрсетілген техникалық регламентке № 13 қосымшада:

      а) "1 жасқа дейін (пинеткалар: өлшемдері, мм: 95, 100, 105, 110, 115, 120, 125)", "1 жастан 3 жасқа дейін (бүлдіршін жасындағылар: өлшемдері, мм: 105, 110, 115, 120, 125, 130, 135, 140)", "3 жастан 5 жасқа дейін (кіші балалар: өлшемдері, мм: 145, 150, 155, 160, 165)" және "5 жастан 7 жасқа дейін (мектепке дейін: өлшемдері, мм: 170, 175, 180, 185, 190, 195, 200)" позициялар мынадай редакцияда жазылсын:

"
 

1 жасқа дейін (пинеткалар: өлшемдері, мм: 95,
100, 105, 110, 115, 120, 125)

аяқ киімнің бір сыңарының салмағы, г:
пинеткалар (қыстықтан басқа)
қыстық пинеткалар

60-тан артық емес
110-нан артық емес



1 жастан 3 жасқа дейін (бүлдіршін жасындағылар: өлшемдері, мм: 105, 110, 115, 120, 125, 130, 135, 140)

аяқ киімнің бір сыңарының салмағы, г:
қыстық және көктемдік-күздік
жаздық
үйдікі
иілгіштігі, Н/см (Н) (қыстықтан басқа)5
аяқ киім өкшесінің биіктігі, мм:
жаздық және үйдікі
қыстық және көктемдік-күздік

220-дан артық емес
120-дан артық емес
120-дан артық емес
6 (40)-тан артық емес
 
 
6-дан артық емес
10-нан артық емес



3 жастан 5 жасқа дейін (кіші балалар: өлшемдері,
мм: 145, 150, 155, 160, 165)

аяқ киімнің бір сыңарының салмағы, г:
қыстық және көктемдік-күздік
жаздық
үйдікі
иілгіштігі, Н/см (Н) (қыстықтан басқа)5
өкшесінің биіктігі, мм

 
300-ден артық емес
170-тен артық емес
130-дан артық емес
11 (100) -ден артық емес
 
10-нан артық емес



5 жастан 7 жасқа дейін (мектепке дейін: өлшемдері, мм:170, 175, 180, 185, 190, 195, 200)

аяқ киімнің бір сыңарының салмағы, г:
қыстық және көктемдік-күздік
жаздық
үйдікі
иілгіштігі, Н/см (Н) (қыстықтан басқа)5
өкшесінің биіктігі, мм

 
380-нен артық емес
200-ден артық емес
150-ден артық емес
11 (100) -ден артық емес
 
10-нан артық емес

 
 
 
 

 
";

      б) мынадай мазмұндағы 5-сілтемемен толықтырылсын:

      "5 Нормативтік мән белгіленгенге дейін "иілгіштігі" көрсеткіші бойынша қысқы аяқ киімді сынау жүргізілмейді.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады