Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 149 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 253-бабының 3-тармағына, 254-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 1 қосымшаның 6 және 62-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Арнайы кедендік рәсім қолданылатын тауарлардың санаттары, тауарлардың осындай санаттарын арнайы кедендік рәсімге орналастыру шарттары және оны қолдану тәртібі туралы" 2019 жылғы 29 наурыздағы № 23 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

С. Жұманғарин

А. Касымалиев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 149 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 23 шешіміне енгізілетін өзгерістер

      1. 1-тармақ мынадай мазмұндағы "в" тармақшамен толықтырылсын:

      "в) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына 2043 жылғы 31 желтоқсанға дейін әкелінетін (әкелінген) және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің ішкі теңіз сулары мен аумақтық теңізі шегінде орналасқан жасанды аралдарды, қондырғыларды, құрылыстарды немесе өзге де объектілерді салуға (құруға, тұрғызуға), олардың жұмыс істеуін (пайдаланылуын, қолданылуын) қамтамасыз етуге және жер қойнауын геологиялық зерделеу, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және бағалау, көмірсутек шикізатының теңіздегі кен орындарын барлау және игеру кезінде тиісті аумақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шетелдік тауарларға (машиналарды, механизмдерді, сондай-ақ жабдыққа жинақтаушы және қосалқы бөлшектерді, құралдарды, материалдар мен өзге де бұйымдарды қоса алғанда) қатысты.".

      2. 2-тармақ мынадай мазмұндағы "в" тармақшамен толықтырылсын:

      "в) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына 2043 жылғы 31 желтоқсанға дейін әкелінетін (әкелінген) және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің ішкі теңіз сулары мен аумақтық теңізі шегінде орналасқан жасанды аралдарды, қондырғыларды, құрылыстарды немесе өзге де объектілерді салуға (құруға, тұрғызуға), олардың жұмыс істеуін (пайдаланылуын, қолданылуын) қамтамасыз етуге және жер қойнауын геологиялық зерделеу, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және бағалау, көмірсутек шикізатының теңіздегі кен орындарын барлау және игеру кезінде тиісті аумақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шетелдік тауарларды (машиналарды, механизмдерді, сондай-ақ жабдыққа жинақтаушы және қосалқы бөлшектерді, құралдарды, материалдар мен өзге де бұйымдарды қоса алғанда) арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары және № 3 қосымшаға сәйкес оны осындай тауарларға қатысты қолдану тәртібі.".

      3. Мынадай мазмұндағы № 3 қосымшамен толықтырылсын:

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2019 жылғы 29 наурыздағы
№ 23 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына 2043 жылғы 31 желтоқсанға дейін әкелінетін (әкелінген) және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің ішкі теңіз сулары мен аумақтық теңізі шегінде орналасқан жасанды аралдарды, қондырғыларды, құрылыстарды немесе өзге де объектілерді салуға (құруға, тұрғызуға), олардың жұмыс істеуін (пайдаланылуын, қолданылуын) қамтамасыз етуге және жер қойнауын геологиялық зерделеу, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және бағалау, көмірсутек шикізатының теңіздегі кен орындарын барлау және игеру кезінде тиісті аумақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шетелдік тауарларды (машиналарды, механизмдерді, сондай-ақ жабдыққа жинақтаушы және қосалқы бөлшектерді, құралдарды, материалдар мен өзге де бұйымдарды қоса алғанда) арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары және оны осындай тауарларға қатысты қолдану тәртібі

      1. Осы құжат Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына 2043 жылғы 31 желтоқсанға дейін әкелінетін (әкелінген) және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің ішкі теңіз сулары мен аумақтық теңізі шегінде орналасқан жасанды аралдарды, қондырғыларды, құрылыстарды немесе өзге де объектілерді салуға (құруға, тұрғызуға), олардың жұмыс істеуін (пайдаланылуын, қолданылуын) қамтамасыз етуге және жер қойнауын геологиялық зерделеу, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және бағалау, көмірсутек шикізатының теңіздегі кен орындарын барлау және игеру кезінде тиісті аумақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шетелдік тауарларды (машиналарды, механизмдерді, сондай-ақ жабдыққа жинақтаушы және қосалқы бөлшектерді, құралдарды, материалдар мен өзге де бұйымдарды қоса алғанда) арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын айқындайды және арнайы кедендік рәсімді осындай тауарларға қатысты қолдану тәртібін белгілейді.

      2. Осы құжаттың 1-тармағында көрсетілген тауарларға мыналар жатпайды:

      а) аумағында көмірсутектердің теңіз кен орындарын игеру жүргізілетін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес акциздер (акциздік салық немесе акциздік алым) салынатын тауарлар;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу белгіленген тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 1 қосымша);

      в) тізбенің 2.16 және 2.19-бөлімдеріне енгізілген тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелудің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетудің рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілген тауарлар (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 2 қосымша).

      3. Арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.

      4. Мыналар тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары болып табылады:

      а) аумағында көмірсутектердің теңіз кен орындарын игеру жүргізілетін мүше мемлекеттің кеден органына (бұдан әрі – кеден органы) осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес көмірсутектердің теңіз кен орындарын игеру құқығына рұқсат (лицензия) не өзге де рұқсат құжатын (бұдан әрі – лицензия) алған адамнан осы тауарларды арнайы кедендік рәсімге сәйкес пайдаланудың жоспарланатын мерзімін көрсете отырып және осы тауарлардың атаулары, олардың саны туралы мәліметтерді, сондай-ақ коммерциялық құжаттарға, көлік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес олардың құны туралы мәліметтерді қамтитын осындай тауарлардың тізбесін қоса бере отырып, осы тауарларды осы құжаттың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға ғана пайдалану туралы еркін нысанда жазбаша міндеттеменің ұсынылуы;

      б) санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды сақталуы. Бұл ретте техникалық реттеу шаралары, ал тізбенің 2.16 және 2.19-бөлімдеріне енгізілген тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды;

      в) тауарларды декларациялау Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген нысан бойынша тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      5. Мыналар арнайы кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттары болып табылады:

      а) осы құжаттың 6-тармағына сәйкес кеден органы белгілеген арнайы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімін сақтау;

      б) осы құжаттың 7-тармағында белгіленген, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды иелену және пайдалану жөніндегі шектеулерді сақтау.

      6. Тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастырған кезде кеден органы осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімін осы құжаттың 4-тармағының "а" тармақшасында көзделген жазбаша міндеттемеде көрсетілген мерзім негізінде, бірақ лицензияның қолданылу мерзімінен аспайтын және 2043 жылғы 31 желтоқсаннан кеш емес етіп белгілейді.

      Декларанттың уәжді өтініші бойынша кеден органы белгілеген арнайы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі лицензияның қолданылу мерзімі шегінде ол аяқталғанға дейін, бірақ 2043 жылғы 31 желтоқсаннан кеш болмайтындай ұзартылуы мүмкін.

      7. Осы құжаттың 1-тармағында көрсетілген, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар, осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарына сәйкес оларды өзге тұлғаларға иеленуге және пайдалануға беруге жол берілетін жағдайларды қоспағанда, декларанттың нақты иелігінде және пайдалануында болуға тиіс.

      Декларанттың арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды осындай адамдар тауарларды осы құжаттың 1-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін пайдаланатын жағдайда өзге тұлғалардың иелігіне және пайдалануына беруіне жол беріледі.

      Декларанттың арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды осындай тауарларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу (күрделі жөндеу мен жаңғыртуды қоспағанда), сақтау, тасымалдау (көлікпен тасымалдау) мақсатында, сондай-ақ аумағында көмірсутектердің теңіздегі кен орындарын игеру жүргізіліп жатқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өзге де тәсілмен көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе жою үшін, егер мұндай тауарлар өздерінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтса және олар тағайындалған сапада оларды одан әрі пайдалануға жарамсыз деп танылса өзге тұлғаларға иелікке және пайдалануға беруіне жол беріледі. Көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе жою жөніндегі көрсетілген операциялар арнайы кедендік рәсімге сәйкес осындай тауарларды шығаруды жүзеге асырған кеден органына хабарланған жағдайда, көмірсутектердің теңіздегі кен орындарын игеруді жүргізетін мүше мемлекеттің аумағында жүргізіледі.

      Арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды осы құжаттың 1-тармағында белгіленгеннен өзгеше мақсаттарда пайдалануға, сондай-ақ осы тауарларды өзге мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге жол берілмейді.

      Арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды өзге тұлғалардың иелігіне және пайдалануына беру осы құжаттың 6-тармағына сәйкес кеден органы белгілеген осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімін тоқтатпайды және ұзартпайды.

      8. Осы құжаттың 6-тармағына сәйкес кеден органы белгілеген арнайы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес айқындалған тәртіппен және шарттарда арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен (оның ішінде арнайы кедендік рәсіммен) орналастырумен аяқталады. Бұл ретте мұндай тауарлар кедендік рәсімдерге бір немесе бірнеше партиямен орналастырылуы мүмкін;

      б) егер Одақтың кедендік аумағынан осындай тауарлардың кету орны аумағында көмірсутектердің теңіздегі кен орындарын игеру жүргізілетін мүше мемлекетте болса, Одақтың кедендік аумағынан арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды әкетумен;

      в) аумағында көмірсутектердің теңіздегі кен орындарын игеру жүргізіліп жатқан мүше мемлекеттің кеден органы авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардың жойылуын және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдаудың (көлікпен тасымалдаудың) және (немесе) осы мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалатын тәртіппен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін растауымен аяқталады.

      9. Осы құжаттың 6-тармағына сәйкес кеден органы белгілеген арнайы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы мынадай жағдайларда аяқталады:

      арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар көмірсутектердің теңіздегі кен орындарын игеру кезінде оларды пайдалану процесінде пайдаланылса;

      арнайы кедендік рәсімге орналастырылған, өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан және өздері арналған сапада пайдалануға жарамсыз болған тауарлар көмілсе, залалсыздандырылса, кәдеге жаратылса немесе өзге тәсілмен жойылса.

      Осы тармаққа сәйкес арнайы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау үшін негіздердің болуын растайтын құжаттардың тізбесі Кодекстің 78-бабына сәйкес арнайы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін айқындау кезінде аумағында тауарлар арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      Арнаулы кедендік рәсімнің қолданылуы осы тармаққа сәйкес аяқталатын арнаулы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар арнаулы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау үшін негіздердің болуын растайтын құжаттар кеден органына ұсынылғанға дейін кедендік бақылауда болады.

      10. Осы құжаттың 6-тармағына сәйкес кеден органы белгілеген арнайы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылады.

      11. Арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен немесе шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын өзге де кедендік рәсіммен орналастырумен аяқталған жағдайда:

      а) кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының ставкаларын, осындай тауарлардың кедендік құнын және (немесе) олардың заттай түрдегі физикалық сипаттамасын (санын, массасын, көлемін немесе өзге де сипаттамасын) кеден органы оларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен немесе шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын өзге де кедендік рәсіммен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны тіркеу күніне айқындайды;

      б) мұндай тауарларға ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен немесе шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын өзге де кедендік рәсіммен оларды орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны тіркеу күніне осы тауарлардың нақты жай-күйін ескере отырып қолданылатын тыйым салулар мен шектеулер қолданылады.

      12. Арнайы кедендік рәсіммен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта тауарлар арнайы кедендік рәсіммен орналастырылатын тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.

      13. Арнайы кедендік рәсіммен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай мән-жайлардың бірі басталған кезде тоқтатылады:

      а) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – арнайы кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылу;

      б) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – Кодекстің 113-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларға арналған декларацияның кері қайтарып алынуы және (немесе) Кодекстің 118-бабы 4-тармағының екінші абзацына сәйкес тауарлар шығарылымының жойылуы;

      в) осы құжаттың 8 және 9-тармақтарына сәйкес арнайы кедендік рәсімнің қолданылуын осы құжаттың 6-тармағына сәйкес кеден органы белгілеген арнайы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін, оның ішінде осы құжаттың 15-тармағының "а" – "в" тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін аяқталуы;

      г) Кодекстің 129-бабының 6-тармағына сәйкес арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылған тауарлардың уақытша сақтауға орналастырылуы;

      д) Кодекстің 129-бабының 7-тармағына сәйкес арнайы кедендік рәсімдердің қолданылуы тоқтатылған тауарлардың кедендік рәсімдермен орналастырылуы;

      е) осы құжаттың 16-тармағына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуы және (немесе) олардың өндіріп алынуы;

      ж) осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес аумағында көмірсутектердің теңіздегі кен орындарын игеру жүргізіліп жатқан мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардың тәркіленуі немесе олардың айналдырылуы;

      з) Кодекстің 51-тарауына сәйкес кеден органының арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды кідіртуі.

      14. Арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы құжаттың 15-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде орындалуға тиіс.

      15. Мынадай мән-жайлар туындаған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі мыналар болып саналады:

      а) арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталғанға дейін осы құжаттың 1-тармағында белгіленгеннен өзгеше мақсаттарда пайдаланылған жағдайда – мұндай пайдаланудың бірінші күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастырған күн;

      б)      мұндай кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталғанға дейін арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар өзге тұлғаға (тұлғаларға) берілген және (немесе) осы тауарларды осындай тұлға (тұлғалар) осы құжаттың 7-тармағының талаптарын бұза отырып пайдаланған жағдайда – осындай тауарларды берген күн, ал егер бұл күн белгіленбесе – тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастырған күн;

      в) авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не тасымалдаудың (тасымалдаудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, осындай кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталғанға дейін арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар жоғалған жағдайда – мұндай тауарлар жоғалған күн, ал егер бұл күн белгіленбесе – тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастырған күні;

      г) осы құжаттың 10-тармағына сәйкес арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталмаған жағдайда – осы құжаттың 6-тармағына сәйкес кеден органы белгілеген арнайы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі өткен күн.

      16. Осы құжаттың 15-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар тарифтік преференциялар мен кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданбай ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылғандай болса, төленуге жатады.

      Кедендік әкелу баждарын, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданылып жүрген кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының ставкалары қолданылады.

      Егер кеден органында тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қажетті нақты мәліметтер болмаса тауарлардың кедендік құны кеден органында бар мәліметтер негізінде айқындалады.

      Кейіннен тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қажетті нақты мәліметтер анықталған кезде тауарлардың кедендік құны осындай нақты мәліметтер негізге алына отырып айқындалады және Кодекстің 10 және 11-тарауларына және 76 және 77-баптарына сәйкес кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу) не төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.

      17. Арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы осы құжаттың 11-тармағына сәйкес аяқталған не арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар Кодекстің 129-бабының 6-тармағына сәйкес уақытша сақтауға орналастырылған не мұндай тауарлар Кодекстің 129-бабының 7-тармағына сәйкес шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырған не кеден органдары Кодекстің 51-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды төлеу жөніндегі міндетті орындағаннан кейін мұндай тауарларды кідірткен жағдайда, осы құжатқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған өтемақы баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары Кодекстің 10-тарауына және 76-бабына сәйкес қайтарылуға (есепке жатқызылуға) жатады.

      18. Арнайы кедендік рәсімнің қолданылуын тоқтата тұру және қайта бастау мәселелерін қоса алғанда, осы құжаттың 1-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты арнайы кедендік рәсімді қолданудың өзге де мәселелері Кодекстің 19-тарауына сәйкес, ал Кодексте реттелмеген бөлігінде – аумағында көмірсутектердің теңіздегі кен орындарын игеру жүргізіліп жатқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес реттеледі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады