Біріккен Араб Әмірліктерімен еркін сауда туралы келісім жасасудың орындылығы туралы мәселені зерделеу жөнінде бірлескен зерттеу тобын қалыптастыру туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 15 өкімі

      1. Біріккен Араб Әмірліктерімен еркін сауда туралы келісім жасасудың орындылығы туралы мәселені зерделеу жөнінде бірлескен зерттеу тобын (бұдан әрі - бірлескен зерттеу тобы) қалыптастыру орынды деп саналсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден бірлескен зерттеу тобының жұмысына қатысу үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға кандидатуралар беру сұралсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері бөлігінде бірлескен зерттеу тобының құрамын қалыптастырсын және бұл туралы Біріккен Араб Әмірліктерін хабардар етсін.

      4. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко Б.Сұлтанов А.Кожошев А.Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады