Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарларды сәйкестендіру құралдарын криптографиялық қорғаудың бірыңғай тәсілдерін қолдану жөніндегі іс-шаралар жоспарын ("жол картасын") бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 қазандағы № 32 өкімі

      2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді іске асыру мақсатында, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезінде криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы" 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 шешімін орындау шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарларды сәйкестендіру құралдарын криптографиялық қорғаудың бірыңғай тәсілдерін қолдану жөніндегі іс-шаралар жоспары ("жол картасы") бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасымен бірлесіп, осы өкіммен бекітілген жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету сұралсын.

      3. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко Б.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук

  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 қазандағы
№ 32 шешімімен
  БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарларды сәйкестендіру құралдарын криптографиялық қорғаудың бірыңғай тәсілдерін қолдану жөніндегі іс-шаралар жоспары ("жол картасы")

Іс-шараның атауы

Орындау мерзімі

Орындаушы

1. Мынадай мәліметтерді қамтитын тауарларды сәйкестендіру құралдарын криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктерін іске асыру мақсатында таңбалау кодтарын тексерудің ашық кілттерімен (бұдан әрі – ашық кілттер) алмасу қағидаларын әзірлеу:
ашық кілттермен алмасу инфрақұрылымына қатысушылардың құрамы, міндеттері, өкілеттіктері және жауапкершілігі;
ашық кілттерді тарату, оларды кері қайтарып алу тәртібі,
олардың қолданылу мерзімдерін тоқтата тұру және ұзарту

2023 жылғы
1 наурызда
 

Ресей Федерациясы, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер),
Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия)

2. Ашық кілттермен алмасу қағидалары туралы Комиссия актісін қабылдау

2023 жылғы
1 сәуірде

Комиссия,
мүше мемлекеттер

 
3. Мүше мемлекеттердің ашық кілттермен алмасу инфрақұрылымын құруы
 
 
 
 

 
осы жоспардың
"4" тармағының
"а" тармақшасы орындалған күннен бастап 12 ай ішінде

 
мүше мемлекеттер
Комиссия

4. Тауарларды сәйкестендіру құралдарын криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктерін іске асыру үшін қажетті ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындау:



а) МЕМСТ 34.10-2018 мемлекетаралық стандартының базасында тауарларды сәйкестендіру құралдарын криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктерін іске асыру мақсатында ақпаратты криптографиялық қорғау саласында техникалық шешімді (бұдан әрі – техникалық шешім) әзірлеу және Комиссияның мүше мемлекеттердің ұлттық операторларына қажетті техникалық талаптар мен үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті құжаттаманы қоса алғанда, техникалық шешімді беруі:
сәйкестендіру құралдарын криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктерін және мүше мемлекеттердің ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті параметрлерді іске асыруға арналған криптографиялық алгоритмдердің техникалық сипаттамасы;
таңбалау кодтарын тексеру кодының форматының сипаттамасы;
ашық кілттер мен талаптар форматының сипаттамасы
оларды қамтитын құжаттарға
ашық кілттермен алмасу инфрақұрылымына қатысушылар

қаржыландыру берілген күннен бастап 9 ай ішінде
(2024 жылдың қыркүйегінен кешіктірмей)

Комиссия,
мүше мемлекеттер

б) техникалық шешімді тәжірибелік пайдалануды жүргізу
және Комиссияны оның нәтижелері туралы хабардар ету

техникалық шешімді алған күннен бастап 3 ай ішінде

мүше мемлекеттер

в) комиссияның техникалық шешімге спецификацияны және техникалық талаптарды бекітуі
     

осы тармақтың "б" тармақшасы орындалған күннен бастап 2 ай ішінде

Комиссия
мүше мемлекеттер

г) техникалық шешімді оператораралық тестілеуді жүргізу және оны пысықтау (қажет болған жағдайда)
 

осы тармақтың "в" тармақшасы орындалған күннен бастап 3 ай ішінде

мүше мемлекеттер

5. Мүше мемлекеттерде тауарларды бірдейлендіру құралдарын қорғаудың жеке криптографиялық құралдарын әзірлеу жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындау, оның ішінде сертификаттауды (қажет болған жағдайда) жүргізу (мемлекеттік сараптама):


а) мүше мемлекеттерде техникалық шешіммен үйлесімді техникалық шешімдерді (бұдан әрі – мүше мемлекеттер әзірлеген техникалық шешімдер) әзірлеу

осы жоспардың
4-тармағының "а" тармақшасы орындалған күннен бастап 9 айдан кешіктірмей

мүше мемлекеттер

б) мүше мемлекеттер әзірлеген техникалық шешімдерді тәжірибелік пайдалануды жүргізу және Комиссияны оның нәтижелері туралы хабардар ету

осы тармақтың "а" тармақшасы орындалған күннен бастап 3 ай ішінде

мүше мемлекеттер

в) мүше мемлекеттер әзірлеген техникалық шешімдерге оператораралық тестілеу жүргізу және оларды пысықтау (қажет болған жағдайда)
 

осы тармақтың "б" тармақшасы орындалған күннен бастап 3 ай ішінде

мүше мемлекеттер

г) мүше мемлекеттер әзірлеген техникалық шешімдерді қолданысқа енгізу

осы тармақтың "в" тармақшасы орындалған күннен бастап 6 ай ішінде

мүше мемлекеттер

6. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 шешіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарын криптографиялық қорғаудың бірыңғай тәсілдерін қолдануды қамтамасыз ету

2026 жылғы 1 тамызда

мүше мемлекеттер

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады