Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 37 өкімі

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы
5 сәуірдегі № 4 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қосымшаға сәйкес өзгеріс енгізілсін.

      2.  Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко Б.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук

  Еуразиялық экономикалық комиссия
  Кеңесінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы
  № 37 өкіміне
  ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілетін ӨЗГЕРІС

      4.11.6 және 4.11.7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.11.6. Одақтың белгіленген талаптарына сәйкес келетін өнімді еркін өткізу мақсатында Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы Одақтың кедендік аумағына әкелінген және Одақтың кедендік аумағы бойынша өткізілетін карантинге жатқызылған өнімді қадағалау кезінде фитосанитария саласындағы ұлттық ақпараттық жүйелерді интеграциялау

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы
19 наурыздағы № 38 шешімімен бекітілген Карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдануды ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы жалпы процестерді іске асыру қағидаларына осы жоспардың 4.11.4-тармағына сәйкес әзірленген фитосанитариялық бақылау шеңберінде үшінші елдерден әкелінетін және мүше мемлекеттер арасында өткізілетін карантинге жатқызылған өнімді қадағалау тәртібін (бұдан әрі – қадағалау тәртібі) іске асыру бөлігінде өзгерістер енгізу
 

Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)
 
бірлесіп орындаушы:
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)

Комиссия қадағалау тәртібін бекіткен күннен бастап 6 ай ішінде

Комиссия шешімі

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы
24 желтоқсандағы № 229 шешімімен бекітілген технологиялық құжаттарға қадағалау тәртібін іске асыруға қатысты бөлігінде өзгерістер енгізу
 

Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)
 
бірлесіп орындаушы:
Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)
 

Карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдануды ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы жалпы процестерді іске асыру қағидаларына қадағалау тәртібін іске асыруға қатысты бөлігінде енгізілген өзгерістер күшіне енген күннен бастап 6 ай ішінде

Комиссия шешімі

"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында берілген фитосанитариялық сертификаттар туралы ақпарат алмасуды қамтамасыз ету" жалпы процесін қадағалау тәртібін іске асыруға қатысты бөлігінде қолданысқа енгізу

мүше мемлекеттер
 
бірлесіп орындаушы:
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы
24 желтоқсандағы
№ 229 шешімімен бекітілген технологиялық құжаттарға қадағалау тәртібін іске асыруға қатысты бөлігіне енгізілген өзгерістер күшіне енген күннен бастап 1 жыл ішінде

Алқа өкімі,
мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері

4.11.7. Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдерді қадағалау кезінде ұлттық ақпараттық жүйелерді интеграциялау
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

"Ауыл шаруашылығы жануарларын және жануарларынан алынған өнімдерді сәйкестендіруді, тіркеуді және қадағалауды жүргізу кезінде келісілген тәсілдер шеңберінде жалпы деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске асыру қағидаларын дайындау және бекіту

Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)
 
бірлесіп орындаушылар:
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр),
Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) (өз құзыреті шегінде)
 

жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдерді сәйкестендіруді, тіркеуді және қадағалауды жүргізу кезінде келісілген тәсілдер туралы ереже бекітілген күннен бастап 6 ай ішінде

Алқа шешімі

"Ауыл шаруашылығы жануарларын және жануарларынан алынған өнімдерді сәйкестендіруді, тіркеуді және қадағалауды жүргізу кезінде келісілген тәсілдер шеңберінде жалпы деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды дайындау және бекіту

Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр),
мүше мемлекеттер
 
бірлесіп орындаушы:
Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)
 

"Ауыл шаруашылығы жануарларын және жануарларынан алынған өнімдерді сәйкестендіруді, тіркеуді және қадағалауды жүргізу кезінде келісілген тәсілдер шеңберінде жалпы деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске асыру қағидалары бекітілген күннен бастап 1 жыл ішінде

Алқа шешімі

"Ауыл шаруашылығы жануарларын және жануарларынан алынған өнімдерді сәйкестендіруді, тіркеуді және қадағалауды жүргізу кезінде келісілген тәсілдер шеңберінде жалпы деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске қосу және оған мүше мемлекеттерді қосу

мүше мемлекеттер
 
бірлесіп орындаушы:
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)

"Ауыл шаруашылығы жануарларын және жануарларынан алынған өнімдерді сәйкестендіруді, тіркеуді және қадағалауды жүргізу кезінде келісілген тәсілдер шеңберінде жалпы деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар бекітілген күннен бастап 9 ай ішінде

Алқа өкімі,
мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері

      ".


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады