Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу жоспарының орындалуына және оларға өзгерістер енгізуге мониторинг жүргізу туралы есебінің қорытындылары бойынша қабылданатын шаралар туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 49 өкімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 57 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу жоспарының орындалуына және оларға өзгерістер енгізуге мониторинг жүргізу туралы (бұдан әрі – жоспар) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының (бұдан әрі – Комиссия) есебін және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін (бұдан әрі тиісінше – техникалық регламенттер, Одақ) әзірлеудің тиімділігін арттыру және оған өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарын назарға ала отырып:

      1. Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) үкіметтерінен техникалық регламенттер мен оларға өзгерістерді әзірлеушілер ретінде айқындалған мемлекеттік билік органдарына жұмысты жандандыру және Комиссияға:

      а) 2023 жылғы 1 наурызға дейін:

      Армения Республикасының Үкіметі – жоспардың II бөлімінің 12-тармағы бойынша техникалық регламентке өзгерістер жобасының алғашқы редакциясын;

      Ресей Федерациясының Үкіметі:

      жоспардың І бөлімінің 5 және 11-тармақтары және ІІ бөлімінің 17, 31 – 35 және 38 – 40-тармақтары бойынша техникалық регламенттер мен оларға өзгерістер жобаларының алғашқы редакциясын;

      жоспардың II бөлімінің 15 және 16-тармақтары бойынша мүше мемлекеттерге мемлекетішілік келісуге жіберу үшін оларға құжаттар жиынтығы бар техникалық регламенттерге өзгерістердің пысықталған жобаларын;

      жоспардың II бөлімінің 1 және 14-тармақтары бойынша Ресей Федерациясы Үкіметінің мемлекетішілік келісу нәтижелері бойынша шешімдерін;

      б) 2023 жылғы 1 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметі:

      жоспардың II бөлімінің 29-тармағы бойынша техникалық регламентке өзгерістер жобасының алғашқы редакциясын;

      жоспардың I бөлімінің 2-тармағы бойынша мүше мемлекеттерге мемлекетішілік келісуге жіберу үшін оған құжаттар жиынтығы бар техникалық регламенттің пысықталған жобасын ұсынуды тапсыру сұралсын.

      2. Осы өкім Одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко С.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады