1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 4 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жоспарының 7.1.4, 7.5.2, 8.1.2 және 8.3.1-тармақтарын, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 12 өкімімен бекітілген макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыру жөніндегі шаралар тізбесінің 2.16 және 3.6-тармақтарын орындау үшін дайындалған Еуразиялық экономикалық одақтың бірлескен бағдарламалары мен жобаларын қаржыландыру тетіктері жөніндегі ұсыныстар туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баяндамасы (ақпараттық материал ретінде қоса беріледі) пысықталуы ескеріле отырып, назарға алынсын.
2. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко С.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук