Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортын реттеу шараларын іске асыруы жөніндегі негізгі тәсілдер туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 8 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қабылдайтын экспортты реттеу шараларын жақындастыру және ішкі нарықтың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі:

      Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – Одақ) мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп, осы өкімге қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген тауарларға қатысты индикативтік баланстарды (бұдан әрі – тізбе, тауарлар, индикативтік баланстар) дайындауды қамтамасыз етсін;

      көрсетілген индикативтік баланстарды жартыжылдық бойынша бөле отырып, 30 шілдеден кешіктірмей бір жылға бекітсін және қажет болған жағдайда келесі күнтізбелік жылдың 31 қаңтарына дейін нақтыласын;

      тізбеге қажетті толықтырулар енгізсін.

      2. Одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері индикативтік баланстарда көзделген параметрлер шеңберінде тауарлардың өзара саудада еркін өткізілуін қамтамасыз етсін.

      3. Одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінен тізбеге енгізілген тауарларды Одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге экспорттау кезінде индикативтік баланстарды негізге алу және Одаққа мүше бір немесе бірнеше мемлекет белгілеген экспорттық реттеу шараларын, оның ішінде Одақ шеңберінде экспортты реттеудің біржақты және (немесе) бірыңғай шараларын қабылдау арқылы айналып өтуге жол бермеу сұралсын.

      4. Осы өкім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және
2024 жылғы 30 қыркүйекке дейін қолданылады.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан
 

Беларусь Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан
 

Қырғыз
Республикасынан
 

Ресей
Федерациясынан
 

  Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2022 жылғы 21 маусымдағы
  № 8 өкіміне
  ҚОСЫМША

Индикативтік баланстарды дайындау жүзеге асырылатын
тауарлардың тізбесі

      1. Бидай және меслин.

      2. Арпа.

      3. Жүгері.

      4. Күнбағыс тұқымдары.

      5. Қант.

      6. Күнбағыс майы.

      7. Регенерацияланатын қағаз немесе картон (макулатура және қалдықтар).

      8. Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады