Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде оларға қаржылық көмек көрсету туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 4 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 20-бабының 1-тармағын, 92-бабы 9-тармағының 1-тармақшасын және Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы хаттаманың (аталған Шартқа № 27 қосымша) 3-тармағын іске асыру мақсатында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      Мыналар:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде оларға қаржылық көмек көрсету (бұдан әрі – тиісінше мүше мемлекеттер, қаржылық көмек көрсету) халықаралық және ұлттық қаржы ұйымдары беретін несиелер және қарыз бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау нысанында жүзеге асырылады, оның тізбесін Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі айқындайды;

      Еуразиялық экономикалық одақтың бюджетінде Еуразиялық экономикалық одақтың бюджетін бекітердің алдындағы жылы мүше мемлекеттердің бюджетіне арнайы, демпингке қарсы және өтемақылық баждардан түсетін жалпы соманың 10 пайызы мөлшерінде жыл сайын қаржылық көмек көрсетуге қаражат көзделеді деп белгіленсін.

      Осы Шешім 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде оларға қаржылық көмек көрсету бөлігіне өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күнінен бастап күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады