Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаға өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 5 шешімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңес шешті:

      1. Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымша мынадай мазмұндағы 191-тармақшамен толықтырылсын:

      "191. Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспорты мен импортына лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларын бекіту.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ 2023 жылы 25 мамырда қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күннен кейін ғана күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады