Есірткі заттарын, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ереженің 6-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 46-бабына және үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың 4 және 37-тармақтарына (аталған Шартқа № 7 қосымша) сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ш е ш т і:

      1. Есірткі заттарын, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ереженің 6-тармағының б) тармақшасы (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне №10 қосымша) мынадай редакцияда жазылсын:

      "б) егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, төтенше жағдайлар кезінде ізгілік көмек (жәрдем) және (немесе) кезек күттірмес көмек көрсету үшін арналған, есірткі заттарын, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын әкелу және (немесе) әкету;".

      2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап, 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады