Берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізілімі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 46 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 5-тармағының тоғызыншы абзацына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (көрсетілген Шартқа № 3 қосымша) 30-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 2 қосымшаның 6-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі туралы" 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 127 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) бірлесіп, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімдерін қалыптастыру және жүргізу" жалпы процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2016 жылғы 10 мамырдағы № 39 шешіміне берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген декларациялардың бірыңғай тізіліміне қатысты бөлігінде, оның ішінде Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялардың қолданылу мерзімін ұзарту мүмкіндігіне шектеулер белгілеуге қатысты осы Шешімді іске асыру үшін қажетті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 127 шешімімен бекітілген Берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібінің 10 – 13-тармақтарында көрсетілген мәліметтерге қосымша ретінде, егер бұл аумағында сәйкестікті бағалау туралы құжат берілген немесе тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жағдайда, берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынылмайтын мынадай мәліметтер енгізілуі мүмкін деп белгіленсін:

      мүше мемлекеттердің аумағынан тыс жерде өндірілген өнімді дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру орнының цифрлық сәйкестендіргіші (GLN (Global Location Number, орналасуының жаһандық нөмірі) не өзге де сәйкестендіргіш);

      GTIN (Global Trade Item Number, сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі);

      сәйкестікті растау мақсатында Одақтың кедендік аумағына үлгілер (сынамалар) ретінде әкелінген өнімге қатысты кедендік декларацияның немесе кедендік декларациялау кезінде ресімделетін өзге де құжаттың тіркеу нөмірі не үлгілерді (сынамаларды) іріктеуге немесе әкелуге қатысты өзге де ақпарат;

      сертификатталған өнімге мерзімді бағалауды оны өткізудің кезеңділігі мен мерзімдерін, сертификатталған өнімді мерзімді бағалауды жүргізуді растайтын құжаттардың деректемелерін (осы бағалауды жүзеге асыратын сертификаттау жөніндегі органдар енгізеді) көрсете отырып жүргізу туралы мәліметтер (егер Одақтың техникалық регламентінде (Одақтың техникалық регламенттерінде) немесе Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 620 шешімімен бекітілген, бірыңғай нысан бойынша сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялар беріле отырып, сәйкестікті міндетті растауға жататын өнімнің бірыңғай тізбесінде көрсетілген құжаттарда және сертификаттау схемасында осындай бағалауды жүргізу көзделген) (өткізу мерзімдерінің өзгеруі туралы ақпарат);

      өтінім беруші, өтінімді тіркеу күні, өнімнің атауы, өнімнің тобы (түрі), өнімді өндіруші туралы мәліметтерді көрсете отырып, өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тіркелген өтінім туралы мәліметтер (өтінімнің электрондық көшірмесін және сәйкестікті бағалау схемаларына сәйкес оған қоса берілетін құжаттарды қоса бере отырып);

      өтініш берушінің сертификаттау жөніндегі өзге аккредиттелген органмен сериялық өнімге берілген сәйкестік сертификатын беру туралы шарт жасасуы туралы, оның ішінде сертификатталған өнімге қатысты мерзімді бақылауды орындау жөніндегі функцияны беру туралы мәліметтер (шарттың электрондық көшірмесін қоса бере отырып).

      Осы тармақтың ережелері осы Шешім күшіне енген күннен бастап 24 ай ішінде қолданылады.

      4. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары:

      а) осы Шешімнің 3-тармағын қолданған кезде өтінім берушілерге қатысты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 8-тармақшасында белгіленген қағидаттың сақталуын қамтамасыз етсін;

      б) осы Шешім күшіне енген күннен бастап 24 ай ішінде осы Шешімнің 3-тармағының ережелерін орындаудың құқық қолдану практикасына Одақтың ішкі нарығында тауарлардың еркін қозғалысы үшін кедергілердің туындау мәніне мониторингті жүзеге асыру және осындай кедергілер туындаған жағдайда Еуразиялық экономикалық комиссияға тиісті ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5.  Осы Шешім, берілген сәйкестік сертификаттарына немесе тіркелген сәйкестік туралы декларацияларға қатысты бөлігінде "Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттар, берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу" жалпы процесінің жаңа нұсқасы қолданысқа енгізілген күннен бастап күшіне енетін өзгерістердің (осы Шешімге қосымша) 3-тармағының "а" тармақшасының жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2023 жылғы 4 сәуірдегі
№ 46 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы
26 қыркүйектегі № 127 шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Кіріспедегі "5-тармағының тоғызыншы абзацына" деген сөздер "5-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізілімі туралы" 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 46 шешімін іске асыру үшін қажетті "Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттар, берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу" жалпы процесінің жаңа нұсқасы берілген сәйкестік сертификаттарына немесе тіркелген сәйкестік туралы декларацияларға қатысты бөлігінде қолданысқа енгізілгенге дейін сәйкестікті бағалау туралы құжаттар туралы мәліметтер берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөліктерінен ұсынылады, аталған құжаттардың қолданылуы басталатын күн осы бірыңғай тізілімнің тиісті ұлттық бөлігінде тіркелген күн болып табылады.".

      3. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Берілген сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібінде:

      а) 10-тармақта:

      "а" тармақшадағы "белгіленбеген" жазбасы жасалады)," деген сөздер "жазба жасалмайды), сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "г" тармақша "тіркеу нөмірі" деген сөздерден кейін "(аккредиттеу туралы жазбаның бірегей нөмірі)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "е" тармақшадағы "орган сарапшысының" деген сөздер "органның сәйкестік сертификатқа, оның ішінде қағаз жеткізгіште ресімделген сертификатқа қол қойған сарапшысының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "к" тармақшада:екінші абзац "тіркеу нөмірі" деген сөздерден кейін "(аккредиттеу туралы жазбаның бірегей нөмірі)" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші абзац "сертификаттау жөніндегі органның нөмірін, күнін, атауын, аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірін (аккредиттеу туралы жазбаның бірегей нөмірін), сондай-ақ оған қол қойған сарапшының (сарапшы-аудитордың) тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші – алтыншы абзацтар "тіркеу нөмірі" деген сөздерден кейін "(аккредиттеу туралы жазбаның бірегей нөмірі)" деген сөздермен толықтырылсын;

      жетінші абзац "(бар болса)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "м" тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "м)  сәйкестік сертификатында қосымша ақпарат ретінде ұсынылған мәліметтер:

      халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбесіне енгізілген стандарттың (стандарттардың), ал олар болмаған жағдайда – қолдану нәтижесінде Техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарының сақталуы ерікті негізде қамтамасыз етілетін ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың белгіленімі және атауы немесе бөлімдердің (тармақтардың, тармақшалардың) белгілемесі, егер техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарының сақталуы тұтастай стандартты (стандарттарды) (олар қолданылған жағдайда) емес, осындай стандарттың (стандарттардың) жекелеген бөлімдерді (тармақтарды, тармақшаларды) қолданумен қамтамасыз етілуі мүмкін болса, осындай стандарттың (стандарттардің) белгілемесі мен атауы;

      өзге стандарттар мен құжаттардың белгілемелері мен атаулары (олар қолданылған жағдайда);

      өнімді сақтау шарттары мен мерзімі (техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда);

      өнімнің қызмет ету (жарамдылық) мерзімі және (немесе) ресурсы (техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда);

      ауыстыруға жататын сәйкестік сертификатының тіркеу нөмірі мен тіркелген күні, "орнына берілді" деген жазба енгізіле отырып (сәйкестік сертификаты ауыстырылған жағдайда);

      зерттеулерден (сынаулардан) және өлшеулерден өткен өнімнің іріктелген үлгілерін (сынамаларын) дайындау күнінен бастап дайындалған, сериялық шығарылатын өнімге сәйкестік сертификатының осындай өнім үлгілерін (сынамаларын) дайындау күні туралы мәліметтерді көрсете отырып (бар болса) қолданылуы туралы ақпарат;

      Одақтың кедендік аумағына жеткізілетін өнімнің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді және мұндай өнімнің көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі үшін жауапкершілікті көздейтін дайындаушымен (оның ішінде шетелдік өндірушімен) жасалған шарт туралы мәліметтер (өндірушілер уәкілеттік берген адамдар үшін);

      өзге де ақпарат (бар болса);";

      мынадай мазмұндағы "п" тармақшамен толықтырылсын:

      "п) сәйкестік сертификатының берілген телнұсқасы бланкісінің нөмірі және оның берілген күні (сәйкестік сертификатының телнұсқасы берілген жағдайда).";

      б) 11-тармақта:

      "а" тармақшадағы "белгіленбеген" жазбасы жасалады)" деген сөздер "жазба жасалмайды)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "д" тармақшаның алтыншы абзацындағы "атауы және белгісі" деген сөздер "белгілемесі және атауы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ж" тармақшада:

      екінші абзац "тіркеу нөмірі" деген сөздерден кейін "(аккредиттеу туралы жазбаның бірегей нөмірі)" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші абзац "тіркеу нөмірі" деген сөздерден кейін "(аккредиттеу туралы жазбаның бірегей нөмірі)" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші абзац "(бар болса)"деген сөздермен толықтырылсын;

      "и" тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "и) сәйкестік туралы декларацияда қосымша ақпарат ретінде ұсынылған мәліметтер:

      халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбесіне енгізілген стандарттың (стандарттардың), ал олар болмаған жағдайда – қолдану нәтижесінде Техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарының сақталуы ерікті негізде қамтамасыз етілетін ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың белгіленімі және атауы немесе бөлімдердің (тармақтардың, тармақшалардың) белгілемесі, егер техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарының сақталуы тұтастай стандартты (стандарттарды) (олар қолданылған жағдайда) емес, осындай стандарттың (стандарттардың) жекелеген бөлімдерді (тармақтарды, тармақшаларды) қолданумен қамтамасыз етілуі мүмкін болса, осындай стандарттың (стандарттардің) белгілемесі мен атауы;

      өзге стандарттар мен құжаттардың белгілемелері мен атаулары (олар қолданылған жағдайда);

      өнімді сақтау шарттары мен мерзімі (техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда);

      өнімнің қызмет ету (жарамдылық) мерзімі және (немесе) ресурсы (техникалық регламенттерде көзделген жағдайларда);

      ауыстыруға жататын сәйкестік туралы декларацияның тіркеу нөмірі мен тіркелген күні, "орнына қабылданды" деген жазба енгізіле отырып (сәйкестік туралы декларация ауыстырылған жағдайда);

      зерттеулерден (сынаулардан) және өлшеулерден өткен өнімнің іріктелген үлгілерін (сынамаларын) дайындау күнінен бастап дайындалған сериялық шығарылатын өнімге сәйкестік туралы декларацияның таралуы туралы осындай өнім үлгілерін (сынамаларын) дайындау күні туралы мәліметтер көрсетілген ақпарат (бар болса);

      Одақтың кедендік аумағына жеткізілетін өнімнің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді және мұндай өнімнің көрсетілген талаптарға сәйкес болмағаны үшін жауапкершілікті көздейтін дайындаушымен (оның ішінде шетелдік дайындаушымен) жасалған шарт туралы мәліметтер (дайындаушылар уәкілеттік берген адамдар үшін);

      өзге де ақпарат (бар болса);";

      в) 12-тармақта:

      "г" тармақша "аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі" деген сөздерден кейін "(аккредиттеу туралы жазбаның бірегей нөмірі)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "л" тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "л) өнімді сақтау шарттары мен мерзімі, өнімнің қызмет ету (жарамдылық) мерзімі және (немесе) ресурсы (нормативтік құқықтық актілерде және (немесе) техникалық нормативтік құқықтық актілерде, бірыңғай тізбеде көзделген сертификаттау талаптарына сәйкестігі жүргізілген нормативтік құжаттарда белгіленген жағдайларда), өнім туралы оның сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін өзге де мәліметтер (болған жағдайда);";

      г) 13-тармақта:

      "д" тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "өнімді сақтау шарттары мен мерзімі, өнімнің қызмет ету (жарамдылық) мерзімі және (немесе) ресурсы (олардың талаптарына сәйкестік бірыңғай тізбеде көзделген нормативтік құқықтық актілерде және (немесе) техникалық нормативтік құқықтық актілерде бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларациямен расталған нормативтік құжаттарда белгіленген жағдайларда), өнімді сәйкестендіруді қамтамасыз ететін өнім туралы өзге де мәліметтер (бар болса);";

      "и" тармақшада:"аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі" деген сөздерден кейін "(аккредиттеу туралы жазбаның бірегей нөмірі)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "(сәйкестік туралы декларацияны сертификаттау жөніндегі орган бірыңғай нысан бойынша тіркеген жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      д) 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігінде сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіндегі электрондық жазбаға жылдам көшуге арналған оптикалық оқылатын матрицалық код (QR-код) орналастырылуы мүмкін. Бұл кодты орналастыру қажеттілігін уәкілетті орган айқындайды.

      15. Бірыңғай тізілімде қамтылған мәліметтер ашық және жалпыға қолжетімді болып табылады.".

      _________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады