Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 49 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ш е ш т і:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 11 шешімімен бекітілген Қырғыз Республикасында Кеден одағының техникалық регламенттерін қолданысқа енгізу тәртібінің IV бөліміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) екінші абзацтағы "2023 жылғы 12 тамызға" деген сөздер "2025 жылғы 12 тамызға" деген сөздермен, "2025 жылғы 1 қаңтарға" деген сөздер "2027 жылғы 1 қаңтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) үшінші абзацтағы "2023 жылғы 12 тамызға" деген сөздер "2025 жылғы 12 тамызға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) төртінші абзацтағы "2025 жылғы 1 қаңтарға" деген сөздер "2027 жылғы 1 қаңтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) алтыншы абзацтағы "2024 жылғы 12 тамызға" деген сөздер "2026 жылғы 12 тамызға" деген сөздермен, "2023 жылғы 12 тамызға" деген сөздер "2025 жылғы 1 тамызға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2. Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінен:

      осы Шешім күшіне енгізілген күннен бастап уәкілетті органдардың айналымға шығарылған өнімге Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылауды жүзеге асыруын қамтамасыз ету;

      Қырғыз Республикасының мұнай өңдеу кәсіпорындарын Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 826 шешімімен қабылданған "Автомобиль және авиациялық бензинге, дизельдік және кеме отынына, реактивті двигательдер мен мазуттарға қойылатын талаптар туралы (КО ТР 013/2011)" Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келетін автомобиль бензині мен дизельдік отынды айналысқа шығаруға көшіруді көздейтін іс-шаралар кешенін 2025 жылғы 12 тамызға дейін қамтамасыз ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
В. Назаренко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады