Ұлттық кепілдік берушілердің бірыңғай тізбесіне енгізілетін мәліметтердің құрамы және оларды Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 56 шешімі.

      2022 жылы 19 сәуірде қол қойылған Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімнің 4-бабының 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ш е ш т і:

      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық кепілдік берушілердің бірыңғай тізбесіне енгізілген мәліметтердің құрамы және оларды Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберу тәртібі бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті кеден органдары ұлттық кепілдік берушілер тізбесін қалыптастыруды бастау мақсатында ұлттық кепілдіктер туралы мәліметтерді немесе олардың жоқ екендігі туралы мәліметтерді осы Шешім күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2022 жылғы 19 сәуірде қол қойылған Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісім күшіне енген күнінен кейін ғана күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
  2023 жылғы 11 мамырдағы
№ 56 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Ұлттық кепілдік берушілердің бірыңғай тізбесіне енгізілетін мәліметтердің құрамы және оларды Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберу тәртібі

I. Ұлттық кепілдік берушілердің бірыңғай тізбесіне енгізілетін мәліметтердің құрамы

      1. Ұлттық кепілгер деп танылған кепілгердің атауы.

      2. Ұлттық кепілгер деп танылған кепілгердің орналасқан жері (елдің атауы).

      3. Ұлттық кепілдік беруші деп танылған кепілгердің салық нөмірі:

      Армения Республикасында – салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН);

      Беларусь Республикасында - төлеушінің есептік нөмірі (СЕН);

      Қазақстан Республикасында – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);

      Қырғыз Республикасында - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН);

      Ресей Федерациясында - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН).

      4. Кепілгердің тіркеу нөмірі және оны ұлттық кепілдік беруші деп тану туралы шешімнің кк.аа,жж. форматындағы (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы 2 саны) күні.

II. Ұлттық кепілдік берушінің бірыңғай тізбесіне енгізілетін мәліметтерді Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберу тәртібі

      1. Кепілгерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті кеден органы ұлттық кепілдік беруші деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда, осы құжаттың I бөлімінде көзделген мәліметтер осындай шешім қабылданған күнінен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей қосымшаға сәйкес нысан бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі – Кепілгер) жіберіледі.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті кеден органы кепілгердің ұлттық кепілдік беруші мәртебесін жоғалтуы туралы шешім қабылдаған жағдайда, осындай шешім қабылданған күнінен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссияға мынадай мәліметтер жіберіледі:

      ұлттық кепілгер мәртебесін жоғалтқан кепілдік берушінің аты-жөні;

      Кепілгердің ұлттық кепілдік беруші мәртебесін жоғалтқаны туралы тіркеу нөмірі мен шешімнің кк.аа.жж. форматындағы (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы 2 саны) күні.

      3. Осы бөлімнің 1 немесе 2-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді алған кезде Комиссия оларды алған күнінен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей ұлттық кепілдік берушілердің бірыңғай тізбесін жаңартады.

      ______________

  Ұлттық кепілдік берушілердің
бірыңғай тізбесіне енгізілетін
мәліметтердің құрамы және
оларды Еуразиялық
экономикалық комиссияға
Жіберу тәртібіне
ҚОСЫМША
  (нысан)

Ұлттық кепілдік берушілердің бірыңғай тізбесіне енгізілетін
МӘЛІМЕТТЕР

Ұлттық кепілдік беруші деп танылған кепілген туралы мәліметтер

Кепілгерді ұлттық кепілдік беруші деп тану туралы шешімнің деректемелері

атауы

орналасқан жері

салықтық нөмірі

тіркеу нөмірі

күні

1

2

3

4

5

      ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады