Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімнің 3-бабы 3-тармағының екінші абзацын іске асыру мақсатында 2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өздеріне қатысты арнайы экономикалық шаралар қолданатын тауарлар тізілімінің нысаны;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өздеріне қатысты арнайы экономикалық шаралар қолданатын тауарлар туралы мүше мемлекеттер ұсынатын ақпараттың құрамы;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өздеріне қатысты арнайы экономикалық шаралар қолданатын тауарлар туралы мүше мемлекеттердің ақпарат ұсыну тәртібі.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден осы Шешіммен бекітілген нысан бойынша мүше мемлекеттер өздеріне қатысты арнайы экономикалық шаралар қолданатын тауарлар туралы ақпаратты Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында тауарлар тізілімі түрінде бастапқы орналастыру үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға мемлекеттердің аумақтары бойынша навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тасымалдарды қадағалауды енгізу туралы Комиссия шешімі күшіне енген күнге дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсыну сұралсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 60 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өздеріне қатысты арнайы экономикалық шаралар қолданатын тауарлар тізілімінің
нысаны
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | ЕАЭО СЭҚ ТН кодын және тауар атауын қолдану ерекшеліктері | Арнайы экономикалық шараларды қолдануды, ұзартуды және (немесе) жоюды белгілейтін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актісі | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте арнайы экономикалық шараларды қолданудың басталу күні және аяқталу күні (немесе қолданылу мерзімі) | Тасымалданатын тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет оларға қатысты арнайы экономикалық шараларды қолдану туралы шешім қабылдаған тауарларға жатқызу мақсаттары үшін сәйкестендіру мәліметтері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ескертпелер: 1. 3-бағанда мынадай белгілер көрсетіледі:
"*" белгісі – ЕАЭО СЭҚ ТН кодын басшылыққа алу керек, тауардың атауы пайдаланудың ыңғайлылығы үшін келтірілген;
"**" белгісі – ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың атауын да басшылыққа алу керек;
"***" белгісі – ЕАЭО СЭҚ ТН кодын және тауар атауын қолдану ерекшеліктері арнайы экономикалық шараларды қолдануды, ұзартуды және (немесе) жоюды белгілейтін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2. 4-бағанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тиісті нормативтік құқықтық актісінің атауы мен деректемелері көрсетіледі.
3. 5-бағанда арнайы экономикалық шараларды қолдануды, ұзартуды және (немесе) жоюды белгілейтін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актісінде қамтылған мәліметтер көрсетіледі.
4. 6-бағанда арнайы экономикалық шаралардың қолданылуын, ұзартылуын және (немесе) күшін жоюды белгілейтін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актісінде қамтылған тауарлар туралы мәліметтер (тауарлардың шыққан жері, оларды тасымалдау жүзеге асырылатын көлік түрі және тауарларды сәйкестендіру үшін қажетті өзге де мәліметтер) көрсетіледі.
__________________
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 60 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өздеріне қатысты арнайы экономикалық шаралар қолданатын тауарлар туралы мүше мемлекеттер ұсынатын ақпараттың
құрамы
1. Тауардың атауы.
2. ЕАЭО СЭҚ ТН коды.
3. ЕАЭО СЭҚ ТН кодын және тауардың атауын қолдану ерекшеліктері.
4. Арнайы экономикалық шараларды қолдануды, ұзартуды және (немесе) жоюды белгілейтін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актісінің атауы мен деректемелері.
5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте арнайы экономикалық шараларды қолданудың басталу күні және аяқталу күні (немесе қолданылу мерзімі).
6. Тасымалданатын тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет оларға қатысты арнайы экономикалық шараларды қолдану туралы шешім қабылдаған тауарларға жатқызу мақсаттары үшін сәйкестендіру мәліметтері.
___________________
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 60 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өздеріне қатысты арнайы экономикалық шаралар қолданатын тауарлар туралы мүше мемлекеттердің ақпарат ұсыну
тәртібі
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) өздеріне қатысты арнаулы экономикалық шаралар қолданатын тауарлар туралы ақпарат беруді мүше мемлекеттердің мынадай атқарушы билік органдары (бұдан әрі – уәкілетті органдар) жүзеге асырады:
Армения Республикасында – Армения Республикасының Экономика министрлігі;
Беларусь Республикасында – Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
Қазақстан Республикасында – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;
Қырғыз Республикасында – Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрлігі;
Ресей Федерациясында – Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігі.
2. Уәкілетті органдар Еуразиялық экономикалық комиссияға мүше мемлекеттер өздеріне қатысты арнаулы экономикалық шаралар қолданатын тауарлар туралы ақпаратты көрсетілген тауарларға қатысты арнаулы экономикалық шараларды қолдану, ұзарту және (немесе) олардың күшін жою күніне дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей, ал жедел ден қоюды талап ететін жағдайларда арнаулы экономикалық шаралар енгізу, оларды қолдану мерзімін ұзарту және (немесе) жою кезінде мұндай шаралардың күшін жою кезінде олар қолданылған, ұзартылған және (немесе) жойылған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады. Көрсетілген ақпарат Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 60 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өздеріне қатысты арнайы экономикалық шаралар қолданатын тауарлар тізілімінің нысаны бойынша *.xlsx.форматта ұсынылады. Ақпарат мына электрондық пошта мекенжайына жіберіледі: cis@eecommission.org немесе мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалатын тәртіппен, оның көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жіберілуін қайталай отырып жіберіледі.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия уәкілетті органдар ұсынатын ақпараттың негізінде мүше мемлекеттер өздеріне қатысты арнайы экономикалық шаралар қолданатын тауарлардың тізілімін жаңартады және оны Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында осындай ақпарат келіп түскен күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей орналастыруды қамтамасыз етеді.
___________________