Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ш е ш т і:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 64 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышына енгізілетін
Ө З Г Е Р І С Т Е Р
1. І бөлімнің 1-кестесінің "BY" бөлімінде:
а) BY1050000 коды бар позиция алып тасталсын;
б) BY3020000 коды бар позициядағы ұйымдық-құқықтық нысан атауындағы "қолданыстағы" деген сөз мемлекеттік тілде өзгермейді.
2. II бөлімде:
а) 3-графадағы 5-позициядағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"ЕК 049-2023 (ред. 1)";
б) 3-графаның 6-позициясындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 54 шешімі";
в) 3-графаның 7-позициясындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"2019 жылғы 5 мамырдағы";
г) 22 -позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"22 | Өзгерістер |
өзгерістер Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 64 шешімі күшіне енген күнінен бастап күшіне енеді; |
3. 5-кестенің "Көпт." графасындағы III бөлімде:
a) 1.3.3.3 и 1.3.3.3.3 позициялдардағы "0..*" саны "1..*" санымен ауыстырылсын;
б) 1.3.3.3.1, 1.3.3.3.2, 1.3.3.3.3.1 и 1.3.3.3.3.2 позициялардағы "1" саны "0..1" санымен ауыстырылсын.
______________