Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар жөніндегі консультативтік комитет туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 66 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7 және 44-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ш е ш т і:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 8 қазандағы № 168 шешімімен бекітілген Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар жөніндегі консультативтік комитет туралы ережеге қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2023 жылғы 23 мамырдағы
№ 66 шешіміне
ҚОСЫМША

Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар жөніндегі консультативтік комитет туралы ережеге енгізілетін
Ө З Г Е Р І С Т Е Р

      1. 5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Комитет құрамына мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының басшылары (басшыларының орынбасарлары), осындай органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (басшылардың орынбасарлары), сондай-ақ (уәкілетті органдардың ұсынысы бойынша) бизнес-қауымдастықтардың өкілдері кіруі мүмкін."

      2. 14-тармақтың "б" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "б) Комитет отырысының күн тәртібін және Комитет отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды дайындайды және оларды Комитет мүшелеріне жібереді;".

      3. 16-тармақтың "а" тармақшасындағы "қаралатын" деген сөз "қарауға ұсынылатын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 18-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: "18. Комитет отырысының бекітілген күн тәртібі, сондай-ақ Комитет отырысының күні, уақыты және орны туралы ақпарат жауапты департамент директорының (ол болмаған жағдайда жауапты департамент директорының орынбасарының) қолы қойылған ілеспе хатпен қағаз және электронды түрде Комитет отырысы өткізілетін күннен күнтізбелік 20 күн бұрын Комитет мүшелеріне жіберіледі.

      5. 19-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: "Комитеттің отырысына қатысу мүмкін болмаған жағдайда, Комитет мүшесі Комитет отырысының күн тәртібі бойынша өз пікірін Комитет отырысы өткеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде жазбаша, оның ішінде электрондық почта арқылы Комиссияға жіберуге құқылы.".

      6. 21-тармақтың екінші абзацында:

      "2-күннен кешіктірмей" деген сөздер "2 жұмыс күнінен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "беріледі" деген сөз "электрондық почта арқылы жіберіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жіберілген" деген сөз "электрондық почта арқылы жіберілген" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. 22-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комитет отырысы хаттамасының көшірмелері Комитет төрағасы қол қойған күнінен бастап жауапты департамент директоры (ол болмаған жағдайда жауапты департамент директорының орынбасары) қол қойған ілеспе хатпен 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей Комитет мүшелеріне жіберіледі.

      8. 24-тармақтағы "төрағаға" деген сөз "Алқа Төрағасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады