Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 14 қосымша) 4-тармағының 5-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023 жылға және 2024 – 2026 жылдар кезеңіне арналған ресми болжамдарын дайындау үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалдық сандық мәндері бекітілсін.
2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 05 шілдедегі № 89 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023 жылға және 2024 – 2026 жылдар кезеңіне арналған ресми болжамдарын дайындау үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалдық сандық мәндері
Өлшем бірлігі | Болжам | ||||
2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | 2026 жыл | ||
1. Әлемдік экономиканың даму қарқыны болжамдарының интервалдық сандық мәндері (сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша есептеу) | өткен жылға қарағанда пайызбен | 1,6 – 3,0 | 2,4 – 3,3 | 2,6 – 3,4 | 2,6 – 3,5 |
2. Brent маркалы мұнай бағасы болжамдарының интервалдық сандық мәндері | бір баррельге АҚШ доллары | 73,1 – 98,0 | 68,9 – 100,0 | 65,0 – 88,0 | 53,0 – 85,0 |