Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Балық және балық өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 040/2016) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Балық және балық өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 040/2016) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 94 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақтарына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Балық және балық өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 040/2016) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Балық және балық өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 040/2016) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2023 жылғы 11 шілдедегі
№ 94 шешіміне
ҚОСЫМША

Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Балық және балық өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 040/2016) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Балық және балық өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 040/2016) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 19-позиция алып тасталсын.

      2. 23-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "

23

67.120.30

Жануарлардан алынатын өнімдегі бацитрациннің мөлшерін ИФА әдісімен анықтау. МВИ.МН 4652-2013 негізінде МЕМСТ әзірлеу

№ 2 қосымша, № 6 қосымшаның 4-кестесі ("бацитрацин" көрсеткіші)

2024 жыл

2025 жыл

Беларусь Республикасы

      ".

      3. 26, 28 және 29-позициялар алып тасталсын.

      4. 30 – 32 позициялар 5 және 6 графаларда "жыл" деген сөзбен толықтырылсын.

      5. Мынадай мазмұндағы 33 – 34 позициялармен толықтырылсын:

      "

33

67.120.30

Балық, балыққа жатпайтын объектілер және олардан жасалған өнімдер. Парагемолитикалық вибриондарды анықтау және айқындау. ҚР СТ 3601-2020 негізінде МЕМСТ әзірлеу

№ 3 қосымша

2024 жыл

2026 жыл

Қазақстан Республикасы

34

67.120.30

Тамақ өнімдері. Нитрозаминдерді хроматографиялық әдіспен анықтау. ҚР СТ 3628- 2020 негізінде МЕМСТ әзірлеу

№ 4 қосымша

2024 жыл

2026 жыл

Қазақстан Республикасы

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады