2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабының 1-тармағы 11 және 12-тармақтарына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштер мен технологиялық қосалқы заттардың қауіпсіздік талаптары" (КО ТР 029/2012) техникалық регламентінің талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және зерттеу (сынақ) және өлшем қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштер мен технологиялық қосалқы заттардың қауіпсіздік талаптары" (КО ТР 029/2012) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы" 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 171 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 18 шілдедегі № 100 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 171 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Атауы және 1-тармақ "осы техникалық регламенттің талаптарына" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштер мен технологиялық қосалқы заттардың қауіпсіздік талаптары" (КО ТР 029/2012) техникалық регламентінің талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және зерттеу (сынақ) және өлшем қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштер мен ехнологиялық қосалқы заттардың қауіпсіздік талаптары" (КО ТР 029/2012) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламада:
а) атауы "осы техникалық регламенттің талаптарына" деген сөздермен толықтырылсын;
б) 1, 6, 9, 10, 35, 36, 78, 102 және 110-позицияларда "2021 жыл" деген сөздер "2022 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "2022 жыл" деген сөздер "2024 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) 2 – 4, 7, 12 және 103-позицияларда "2021 жыл" деген сөздер "2024 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "2022 жыл" деген сөздер "2025 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) 5 және 109-позицияларда "2021 жыл" деген сөздер "2022 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "2022 жыл" деген сөздер "2023 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
д) 11-позицияда "2022 жыл" деген сөздер "2023 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
е) 16 – 24 позицияларда "2021 жыл" деген сөздер "2025 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "2022 жыл" деген сөздер "2026 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
ж) 27, 29, 30 және 37 – 48-позицияларда "2021 жыл" деген сөздер "2026 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "2022 жыл" деген сөздер "2027 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
з) 34-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"
34. | 67.220.20 | Теміркөктекті калий (калий ферроцианиді) Е538. Техникалық талаптар. МЕМСТ 6816-79 қайта қарау | 6 және 7-баптар | перспективалық әзірлеме | анықталмаған |
";
и) 49 және 77-позициялар алып тасталсын;
к) 51 – 65-позицияларда "2021 жыл" деген сөздер "2027 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "2022 жыл" деген сөздер "2029 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
л) 66 – 76-позицияларда "2021 жыл" деген сөздер "2028 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "2022 жыл" деген сөздер "2029 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
м) 80-позицияда "2020 жыл" деген сөздер "2023 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "2022 жыл" деген сөздер "2024 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
н) 81 – 101, 104 – 108, 111 – 121 және 124 – 130-позицияларда "2021 жыл" деген сөздер "2029 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын, "2022 жыл" деген сөздер "2030 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
о) 122 және 123-позицияларда "2023 жыл" деген сөздер "2024 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
п) мынадай мазмұндағы 131 және 132-позициялармен толықтырылсын:
"131 | 67.100.30 | Ірімшіктер, ірімшік қабыршықтары және балқытылған ірімшіктер. Натамицин мөлшерін анықтау. 2-бөлім. Ірімшіктерге, ірімшік қабыршықтарына және балқытылған ірімшіктерге арналған тиімділігі жоғары сұйық хроматография әдісі. ISO 9233-2:2018 | IDF 140-2:2018 негізінде МЕМСТ ISO 9233-2-2017 қайта қарау | 7-баптың 13, 15, 16 және 17-тармақтары | 2024 жыл | 2025 жыл | Қазақстан Республикасы |
132 | 67.050 |
Тамақ өнімдері. Нәрестелерге және ерте жастағы балаларға арналған тамақ өнімдерін қоспағанда, тамақ өнімдерінде афлатоксин B1, дезоксиниваленол, фумонизин B1 және B2, охратоксин A, токсин T-2, токсин HT-2 және зеараленонды СХ-МС/МС әдісімен скринингтеуге арналған мультиәдіс. | 7-баптың 4 және 6-тармақтары, 9-тармақтың 1 және 2-тармақшалары | 2024 жыл | 2025 жыл | Қазақстан Республикасы |
".