Шикі глицерин, глицерин суы және глицерин сілтісіне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 14 қарашадағы № 155 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80-шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ЕАЭО СЭҚ 1520 00 000 0 ТН кодымен жіктелетін шикі глицеринге, глицерин суына және глицерин сілтісіне қатысты бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі осы шешім күшіне енген күннен бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2.  Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80-шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 1520 00 000 0 коды бар позиция төртінші бағанда "80C)" ескертпесіне сілтемемен толықтырылсын;

      б)  Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 80С ескертпемен толықтырылсын:

      "80С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 14 қарашадағы № 155-шешімі күшіне енген күннен бастап, 31.12.2025 дейін қолданылады".

      3.  Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасы төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
В. Назаренко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады