Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне тіркелген № 2 қосымшаға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 173 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқасы шешті:

      1. Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне тіркелген № 2 қосымшаға өзгерістер енгізілсін.

      2.  Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасының төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасының
2023 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 173 шешіміне
қосымша

Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне тіркелген № 2-қосымшаға енгізілетін өзгерістер

      1. I бөлімде:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 3923 30 101 0, 3923 30 901 0 кодтары бар позициялардан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"4011 20 100 0,
4011 20 900 0

автобустар немесе жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдарына арналған жаңа пневматикалық резеңке шиналар мен доңғалақ тыстары

шинаның немесе доңғалақ тысын өндірушісі туралы мәліметтер шинаның немесе доңғалақ тысының отырғызу диаметрі шинаның немесе доңғалақ тысының жылдамдық санатын белгілеу шинаның немесе доңғалақ тысының жүктеме индексі";

      б) ЕАЭО СЭҚ ТН 8708 30 910 9, 8708 30 990 9, 8708 50 350 9, 8708 50 990 9, 8708 70 500 9, 8708 70 990 9, 8708 80 350 2, 8708 80 350 9, 8708 80 910 9, 8708 80 990 9, 8708 91 350 9, 8708 92 350 9, 8708 92 910 9, 8708 92 990 9, 8708 93 900 9, 8708 94 350 9, 8708 99 930 9 кодтары бар позициялар мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:

"8708 30 910 9,
8708 30 990 9,
8708 50 350 9,
8708 50 990 9,
8708 70 500 9
8708 70 990 9

моторлы көлік құралдарының бөлшектері мен керек-жарақтары моторлы көлік құралдары-ның бөлшектері мен керек-жарақтары

жай-күйі (мысалы, жаңа, қолданылған) жай-күйі (мысалы, жаңа, қолданылған)
шина немесе доңғалақтың тысы туралы мәліметтер****
шина немесе доңғалақтың тысы отырғызу диаметрі****
шина немесе доңғалақытң тысының жылдамдық санатын белгілеу ****
шина немесе доңғалақытң тысының жүктеме индексі ****

8708 80 350 2,
8708 80 350 9,
8708 80 910 9,
8708 80 990 9,
8708 91 350 9,
8708 92 350 9,
8708 92 910 9,
8708 92 990 9,
8708 93 900 9,
8708 94 350 9,
8708 99 930 9

моторлы көлік құралдары-ның бөлшектері мен керек-жарақтары

жай-күйі (мысалы, жаңа, қолданылған)".

      2. Мынадай мазмұндағы 4-ескертпемен толықтырылсын:

      "4. "****" Белгісімен белгіленген тауарлар туралы мәліметтер жүк пневматикалық резеңке шиналармен немесе доңғалақ тыстарымен жинақталған (жинақпен бірге жеткізілетін) алюминий емес доңғалақ дискілері болып табылатын жүріс дөңгелектерін кедендік декларациялау кезінде көрсетілуге тиіс.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады