Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың 30-тармағына сәйкес (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа №3 қосымша) және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 200 шешімін басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. Қосымшаларды қабылдауға:
"Дәрілік заттарды өндірушілердің өндірістік алаңдарын Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті өндірістік практикасы қағидаларының талаптарына сәйкестігіне инспекциялау нәтижелері туралы ақпарат алмасу" Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен жалпы процесті іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл Қағидаларын;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің фармацевтикалық инспекциялар жүргізетін дәрілік заттар айналымы саласындағы уәкілетті органдары (ұйымдары) мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы "Дәрілік заттарды өндірушілердің өндірістік алаңдарын Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті өндірістік практикасы қағидаларының талаптарына сәйкестігіне инспекциялау нәтижелері туралы ақпарат алмасу" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін";
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің фармацевтикалық инспекциялар жүргізетін дәрілік заттар айналымы саласындағы уәкілетті органдары (ұйымдары) мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы "Дәрілік заттарды өндірушілердің өндірістік алаңдарын Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті өндірістік практикасы қағидаларының талаптарына сәйкестігіне инспекциялау нәтижелері туралы ақпарат алмасу" регламентін;
Дәрілік заттардың айналысы саласындағы қызметті жүзеге асыруға және (немесе) үйлестіруге уәкілетті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің фармацевтикалық инспекциялар жүргізетін дәрілік заттар айналымы саласындағы уәкілетті органдары (ұйымдары) мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы дәрілік заттардың айналысы саласындағы қызметті жүзеге асыруға және (немесе) үйлестіруге уәкілетті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламенті және Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен жалпы процесті іске асыру кезінде регламентін;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің фармацевтикалық инспекциялар жүргізетін дәрілік заттар айналымы саласындағы уәкілетті органдары (ұйымдары) мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы электрондық құжаттардың форматтары мен құрылымдарының сипаттамасын;
"Дәрілік заттарды өндірушілердің өндірістік алаңдарын Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті өндірістік практикасы қағидаларының талаптарына сәйкестігіне инспекциялау нәтижелері туралы ақпарат алмасу" жалпы процесіне қосылу тәртібін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
М. Мясникович |