Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2012 жылғы 7 наурыздағы № 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 184 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 7 және 44-тармақтарына сәйкес (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 1 қосымша) Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқасы шешті:

      2012 жылғы 7 наурыздағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының "Сауда жөніндегі консультативтік комитет туралы" №6 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасының
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№184 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2012 жылғы 7 наурыздағы № 6 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Кіріспеде "Еуразиялық экономикалық комиссиясы туралы 2011 жылғы 18 қарашадағы шарттың 19-бабымен" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық комиссиясы туралы ереженің 7 және 44-тармақтарымен (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 1 қосымша)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 5-тармақтың күші жойылды деп танылсын.

      3. Көрсетілген шешіммен бекітілген Сауда жөніндегі консультативтік комитет туралы ережеде:

      а) мәтін бойынша тиісті түрдегі және септіктегі "Тараптар" деген сөз тиісті түрдегі және септіктегі "мүше мемлекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 1-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комитеттің негізгі міндеті осы Ережеге сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) өкілдерімен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің және Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) халықаралық шарттары мен актілерінің жобалары жөніндегі сауда мәселелері бойынша консультациялар өткізу болып табылады.

      Комитет өз қызметінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартты (бұдан әрі – Шарт), Одақ құқығын құрайтын басқа да халықаралық шарттар мен актілерді, Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.";

      в) 6-тармақта:

      1-тармақшадағы "Кеден одағының (бұдан әрі – КО СЭҚ ТН)" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақшадағы "Кеден одағының (бұдан әрі – КО БКТ)" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақшадағы "КО БКТ" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6- тармақша алып тасталсын;

      7-тармақшадағы "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы" деген сөздер "Одақтың кеден аумағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақша алып тасталсын;

      9-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) одақтың кедендік аумағында Шарттың 46-бабында айқындалған үшінші елдермен саудада бейтарифтік реттеудің бірыңғай шараларын енгізу, қолдану, ұзарту және жою;";

      10 – 14 тармақшалар алып тасталсын;

      15- тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) үшінші елдермен саудада бейтарифтік реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;";

      мынадай мазмұндағы 151 және 152- тармақшалармен толықтырылсын:

      "151) мүше мемлекеттердің үшінші елдермен саудада мүше мемлекет біржақты тәртіппен енгізетін бейтарифтік реттеудің уақытша шараларын қолдануы;

      152) Комиссияның құзыретіне жатқызылған бейтарифтік реттеу саласындағы өзге де мәселелер;";

      16 және 17-тармақшалардағы "шет мемлекеттерден шыққан және Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына арналған" деген сөздер "үшінші елдерден шыққан және Одақтың кедендік аумағына әкелінетін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) 14-тармақтағы "бағыттаушы" деген сөз "бағыттаушы" деген сөзбен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады