Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің құрғақ өнімге қайта есептегенде құрамында 20 мас. % немесе одан көп марганец бар темірлі марганец кендері мен концентраттарын қоса алғанда, марганец кендері мен концентраттарына қатысты кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 189 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 42 және 45-баптарына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16 және 18-тармақтарына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 1 қосымша) сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 2602 00 000 0 кодымен сыныпталатын, Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің құрғақ өнімге қайта есептегенде құрамында 20 мас. % немесе одан көп марганец бар темірлі марганец кендері мен концентраттарын қоса алғанда, марганец кендері мен концентраттарына қатысты кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 2602 00 000 0 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне ескертуге "44С)" сілтемесі "86С)" сілтемесімен ауыстырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне тіркелген ескертпелерде:

      44С - ескерту күші жойылды деп танылсын;

      мынадай мазмұндағы 86С ескертумен толықтырылсын:

      "86С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 01.01.2024 бастап 31.12.2025 қоса алғанда қолданылады.".

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады