Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімінің 3-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 20 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 52-бабына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-бабына және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы №12 өкімімен бекітілген, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикаларының орнықтылығын арттыру жөніндегі шаралар тізбесінің 2. 10-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешті:

      1. "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімінің 3-тармағы 3.2.8-тармақшасының бірінші абзацындағы "2023 жылғы 1 ақпанда" деген сөздер "2024 жылғы 1 ақпанда" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары осы Шешімді орындауды бақылауды жүзеге асырады.

      3. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап, 10 күнтізбелі күн өткен соң күшіне енеді және 2023 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан Құжаттар үшін М.Григорян

Беларусь Республикасынан Құжаттар үшін И.Петришенко

Қазақстан Республикасынан Құжаттар үшін С.Жұманғарин

Қырғыз Республикасынан Құжаттар үшін А.Қасымалиев

Ресей Федерациясынан Құжаттар үшін А.Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады