Азаматтық авиация ұшақтарына техникалық қызмет ету немесе жөндеу үшін арналған, қозғағыштарға, қосалқы бөлшектерге және құрал-жабдыққа қатысты Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 24 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 219-бабының 3-тармағына, 221-бабының 2-тармағына және 222-бабының 7-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 5-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес, Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімі әкелінетін кедендік баждарды, салықтарды төлеместен қолданылатын, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 109 шешімімен бекітілген, олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуына және пайдаланылуына уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне сәйкес, әкелінетін кедендік баждарды, салықтарды төлеместен, жол берілетін, тауарлар санаттары тізбеснің 81-тармағында аталған, азаматтық авиация ұшақтарына орнатылған қозғағыштар, қосалқы бөлшектер және құрал-жабдық Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінде және (немесе) одан тысқары жерлерде пайдаланылатын болып белгіленсін.

      3. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап, 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Осы Шешімнің 2-тармағында, сондай-ақ өзгерістердің 2-тармағының "б" тармақшасында және 3-тармағында (осы Шешімге қосымша) көзделген ережелер Кеден Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 331 шешімі күшіне енген күннен бастап, туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан Құжаттар үшін М.Григорян

Беларусь Республикасынан Құжаттар үшін И.Петришенко

Қазақстан Республикасынан Құжаттар үшін С.Жуманғарин

Қырғыз Республикасынан Құжаттар үшін А.Қасымалиев

Ресей Федерациясынан Құжаттар үшін А.Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия кеңесінің
2023 жылғы 15 ақпандағы
№ 23 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы №331 шешімімен бекітілген, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкелінетін тауарлар тізбесінің 25-тармағы күшін жойды деп танылсын.

      2. Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі №375 шешімімен бекітілген, Кеден одағының Кедендік кодексінде белгіленгеннен аса ұзақ, уақытша әкелудің шекті мерзімдері белгіленген тауарлар санаттарының тізбесіндегі:

      а) 4 және 41- позициялары алып тасталсын;

      б) мынадай мазмұндағы 23-позициямен толықтырылсын:

"23. Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №109 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуына және пайдаланылуына әкелінетін кедендік баждарды, салықтарды төлеместен, жол берілетін, тауарлар санаттары тізбеснің 81-тармағында аталған, қозғағыштар, қосалқы бөлшектер және құрал-жабдық

Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №109 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуына және пайдаланылуына әкелінетін кедендік баждарды, салықтарды төлеместен, жол берілетін, тауарлар санаттары тізбеснің 81-тармағына сәйкес, әкелінетін кедендік баждарды, салықтарды төлеместен, уақытшы болу және пайдалану мерзіміне ".

      3. Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №109 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуына және пайдаланылуына әкелінетін кедендік баждарды, салықтарды төлеместен, жол берілетін, тауарлар санаттарының тізбесі мынадай мазмұндағы 81-тармақпен толықтырылсын:

      "81. Кеден органы мұндай қозғағыштарды, қосалқы бөлшектерді және құрал-жабдықты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналасқан, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағының шегінде тасымалдарды және (немесе) халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын, азаматтық авиация ұшақтарына техникалық қызмет ету немесе жөндеу үшін арналған қозғағыштар, қосалқы бөлшектер және құрал-жабдық.

      Егер осы пункттің үшінші абзацында өзге мерзім белгіленбесе, уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне сәйкес, аталған қозғағыштардың, қосалқы бөлшектердің және құрал-жабдықтың әкелінетін кедендік баждарды, салықтарды төлеместен, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуының және пайдаланылуының шекті мерзімі – мұндай кедендік рәсімге орналасқан күннен бастап, 8 жыл.

      Осы тармақтың екінші абзацына сәйкес белгіленген, уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне сәйкес, аталған қозғағыштардың, қосалқы бөлшектердің және құрал-жабдықтың әкелінетін кедендік баждарды, салықтарды төлеместен, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуының және пайдаланылуының шекті мерзімі 2022 жылғы 21 ақпаннан бастап, 31 желтоқсанға, - 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде өтеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады