Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 15 өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 4 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко С.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
  комиссия Кеңесінің
  2023 жылғы 30 наурыздағы
  № 15 өкіміне
  ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 4.10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.10. Одақ шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасау

4.10.1. Одақ шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарықтарын одан әрі дамыту тұжырымдамасын қабылдау

Одақ шеңберінде дәрілік заттардың ортақ нарығын одан әрі дамыту тұжырымдамасын бекіту

Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр),
мүше мемлекеттер
 
қоса орындаушы:
Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)

2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін

Үкіметаралық кеңестің өкімі

Одақ шеңберінде дәрілік заттардың ортақ нарығын одан әрі дамыту тұжырымдамасын бекіту

Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр),
мүше мемлекеттер
 
қоса орындаушы:
Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)

2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін

Үкіметаралық кеңестің өкімі

      ".

      2.  11.7.9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11.7.9. Еуропа Кеңесінің Дәрілік заттардың сапасы және денсаулық сақтау жөніндегі Еуропалық директоратымен, медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеуге қойылатын техникалық талаптарды үйлестіру жөніндегі халықаралық кеңеспен және Медициналық бұйымдарды реттеушілердің халықаралық форумымен ынтымақтастықты қамтамасыз ету

Еуропа Кеңесінің Еуропалық директоратымен Дәрілік заттардың сапасы және денсаулық сақтау жөніндегі Меморандумды дайындау және оған қол қою

Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр).

2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін

Еуропа Кеңесінің Еуропалық директоратымен Дәрілік заттардың сапасы мен денсаулық сақтау жөніндегі меморандум

медициналық бұйымдарды реттеушілердің халықаралық форумында "өңірлік үйлестіру бастамасы" мәртебесін алу бойынша жұмыс жүргізу

2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

есеп беру және ұсыныстар

медициналық қолдануға арналған препараттарды тіркеуге қойылатын техникалық талаптарды үйлестіру жөніндегі халықаралық кеңестің іс-шараларына қатысу

жыл сайын

қатысу нәтижелері жөнінде есеп беру және ұсыныстар

дәрiлiк препараттарды әзiрлеу және дәрiлiк препараттардың сапасын зерделеу саласында медициналық қолдануға арналған препараттарды тiркеуге арналған техникалық талаптарды үйлестiру бойынша Комиссияның актiлерiн және халықаралық кеңестiң ұсынымдарын үйлестiру

      ".


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады