Өндіріс саласындағы мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, қаржыландыру және іске асыру туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2023 жылғы 3 ақпандағы № 1 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылы 29 мамырдағы шарттың 92-бабының 9-тармағын іске асыру мақсаттарында Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2018 жылғы 2-ақпандағы №1 Шешімімен бекітілген, Өндіріс саласындағы мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, қаржыландыру және іске асыру туралы ережеге өзгерістер енгізілісін.

      2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күнінен бастап, күшіне енеді.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері:

Армения Республикасынан
ДЕПОЗИТАРИЙ

Беларусь Республика
сынан
ДЕПОЗИТА
РИЙ

Қазақстан Республика
сынан
ДЕПОЗИТА
РИЙ

Қырғыз Республика
сынан
ДЕПОЗИТА
РИЙ

Ресей Федерация
сынан
ДЕПОЗИТА
РИЙ
 

 
  Еуразиялық үкіметаралық
кеңестің
2023 жылғы "3" ақпандағы
№1 шешіміне
ҚОСЫМША

Өндіріс саласындағы мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, қаржыландыру және іске асыру туралы ережеге енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 3-тармақта:

      а) үшінші және алтыншы абзацтар алып тасталсын:

      б) жетінші абзац "(жобасын)" деген сөзден кейін ", сондай-ақ оны іске асыру туралы жиынтық жылдық есепті әзірлеуді" деген сөздермен толықтырылсын;

      в) жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "кіші бағдарлама" - белгілі бір тақырып бойынша бағдарламаның немесе жұмыстардың міндеттерінің бірін шешу шеңберінде жобаларды іске асыру үшін жасалған бағдарламаның бөлімі немесе бөлігі;

      "бағдарлама" - қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін басқарылуы үйлестірілетін және оларды жекелей басқару кезінде қол жекізілмейтін бір-бірімен байланысты бірқатар кіші бағдарламалар және (немесе) жобалар;

      "жоба" - уақытша және ресурстық шектеулер жағдайларында ерекше өнімді жасауға бағытталған және нақтылы, тармамандықты салалық міндеттерді жедел шешуді қаматамасыз ететін өзара байланысты іс-шаралар кешені;";

      г) сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "бағдарламаға (жобаға) қатысушылар" - бағдарламаны (жобаны) әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз ететін және (немесе) оны әзірлеуді және іске асыруды қаржыландыруға қатысатын ұлттық тапсырыс берушілер және еуразиялық технологиялық платформаларға қатысушылар, сондай-ақ бағдарламаға (жобаға) жауапты адаммен немесе ұлттық тапсырыс берушімен -үйлестірушімен немесе ұлттық тапсырыс берушілермен жасалған азаматтық-құқықтық шарттарға сәйкес оны іске асыруға тартылатын заңды тұлғалар.".

      2. 4-тармақта:

      а) бірінші абзацтағы:

      "орындаушыларға" деген сөз "бағдарламаға (жобаға) қатысушыларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "бұл ретте жоба бағдарламаның бір бөлігі болуы мүмкін не болмауы мүмкін.";

      б) бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Бағдарламада оған қатысы бар жұмыстар, бірақ бағдарламаға кіретін жекелеген жобалармен байланысты емес жұмыстар туралы ақпарат болуы мүмкін.".

      3. 5-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: "бағдарлама (жоба) тиісті мүше мемлекеттердің үкіметтері ұлттық тапсырыс берушілерді-үйлестірушілерді және ұлттық тапсырыс берушілерді ресми растай отырып, кем дегенде 2 мүше мемлекеттің қатысуы кезінде іске асырылады.".

      4. 9-тармақтағы:

      а) "д" тармақшасы "қаржыландыру," деген сөзден кейін "соның ішінде "бюджетттен тыс көздер," деген сөздермен толықтырылсын;

      б) "ж" тармақшасындағы ", бағдарламаға (жобаға) қатыспақшыларға және бағдарлама (жоба) бойынша жауапты адамға" деген сөздер алып тасталсын.

      в) мынадай мазмұндағы "з" тармақшасымен толықтырылсын:

      "з) мұндай қатысушылардың растайтын хаттарымен бағдарламаға (жобаға) қатыспақшылар туралы ақпарат.".

      5. 11-тармақ мындай редакцияда жазылсын:

      "11. Мүше мемлекеттердің үкіметтері Комиссия жіберген күннен бастап, 3 айдан кешікпей бағдарламаны (жобаны) әзірлеу туралы ұсынысты қарау нәтижелері бойынша бағдарламаға (жобаға) қатысу мүмкіндгі және шарттары туралы (белгіленген тәртіппен ұлттық деңгейде келісілген, бағдарламаға (жобаға) қатысушылар, соның ішінде ұлттық тапсырыс берушілер, бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын қаржыландыру көздері және көлемдері туралы мәліметтерді қоса алғанда) Комиссияға ақпарат ұсынады, оны түзету жөнінде ұсыныстар енгізеді немесе бағдарламаны (жобаны) әзірлеуде және іске асыруда өзінің мүдделі еместігі туралы Комиссияны хабардар етеді.

      Комиссия өзге мүше мемлекеттердің үкіметтерінен алынған, осы тармақтың бірінші абзацында аталған ақпаратты мүше мемлекеттердің үкіметтеріне назарына жібереді.".

      6. 12-тармақтағы:

      а) бірінші абзацтағы "аталған ұсыныстарды" деген сөздер "аталған ақпаратты" деген сөздермен ауыстырылсын, "оларды" деген сөз "оны" деген сөзбен ауыстырылсын;

      б) екінші абзацтағы:

      "мүмкін шарттармен" деген сөздер "шарттармен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "өзінің" деген сөз алып тасталсын.

      7. 13-тармақ "(жобаны)" деген сөздің алдынан "осы Ереженің 9 және 11-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттарды ұсына отырып," деген редакцияда жазылсын.

      8. 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Комиссия Кеңесі бағдарламаны (жобаны) әзірлеу және бағдарлама (жоба) бойынша жауапты адамды айқындау туралы шешім қабылдайды.".

      9. 16-тармақтың "г" тармақшасы "көздері" деген сөзден кейін ",соның ішінде бюджеттен тыс қаражаттар" деген сөздермен толықтырылсын.

      10. 19-тармақтағы:

      а) үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "бағдарламаны (жобаны) әзірлеу туралы Комиссия Кеңесі шешімінің көшірмесі;";

      б) сегізінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "осы Ереженің 11-тармағына сәйкес, "тиісті қаржыландырудың көздері мен көлемдері туралы ақпарат бар, мүше мемлекеттердің үкіметтері ұсынған құжаттар (егер бағдарламаны (жобаны) қаржыландыру үшін мүше мемлекеттердің бюджеттерінің қаражаттарын тарту көзделген жағдайда) (ұлттық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыру шеңберінде);

      осы Ереженің 9-тармағының "з" тармақшасына сәйкес, бағдарламаға (жобаға) қатыспақшылардың растау хаттары".

      11. 21-тармақтағы "(жобаны)" деген сөздің алдынан "осы Ереженің 19-тармағында аталған құжаттарды" деген сөздермен толықтырылсын.

      12. 24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Еуразиялық үкіметаралық кеңес бағдарламаны (жобаны) мақұлдау туралы шешім қабылдайды.".

      13. 25-тармақтағы:

      Бірінші абзацтағы "орындаушыларды" деген сөз "бағдарламаға (жобаға) қатысушыларды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Екінші абзацтағы "орындаушылармен" деген сөз алып тасталсын.

      14. 26-тармақтың бірінші абзацындағы:

      а) "іске асыру шеңберінде" деген сөздер "іске асыруды бақылау шеңберінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. 27-тармақтағы:

      а) "а" тармақшадағы "орындаушы жауапты орындаушыға ұсынады" деген сөздер "бағдарламаға (жобаға) қатысушылар жасайды және тиісті ұлттық тапсырыс берушіге-үйлестірушіге жібереді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) "б" тармақшасындағы "жауапты орындаушылар" деген сөздер "ұлттық тапсырыс берушілер-үйлестірушілер" деген сөздермен ауыстырылсын, "тиісті ұлттық тапсырыс берушіге" деген сөздер "бағдарлама (жоба) бойынша жауапты адамға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      в) "в" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      в) "бағдарлама (жоба) бойынша жауапты адам бағдарламаның (жобаның) ұлттық тапсырыс берушілерінің жылдық есептерінің неізінде өткен жылға бағдарламаны (жобаны) іске асыру нәтижелері туралы жиынтықты жылдық есеп құрайды және оны Комиссияға жібереді;";

      г) мындай мазмұндағы "г" тармақшасымен толықтырылсын:

      г) "Комиссия жыл сайын, белгіленген тәртіппен өткен жылғы бағдарламаларды (жобаларды) іске асыру барысы туралы Комиссия Кеңесін немесе Еуразиялық үкіметаралық кеңесті (қажет болған кезде) хабардар етеді.".

      16. 33-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "бюджеттен тыс қаражаттар есебінен бағдарламаны (жобаны) іске асыруды қаржыландыру кезінде бағдарламаның (жобаның) бастамашысы қаржыландырудың мүмкін нұсқалары және ықтимал инвесторлар туралы Комиссияға ақпарат ұсынады.".

      17. 37-тармақтағы "жылға мүше мемлекеттердің бюджеттерінің жобалары қаралғанға дейін бекітіледі" деген сөздер "осының алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейін бекітілуге тиісті" деген сөздермен ауыстырылсын".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады