Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2022 жылғы 21маусымдағы № 11 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2023 жылғы 3 ақпандағы № 4 Өкімі.

      1. "2015 жылғы 16 қазанда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлар әкелудің және айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабының 10-тармағында көзделген тауарларды есепке алу жүйесін қолдану туралы" Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2022 жылғы 21маусымдағы № 11 өкімін орындау жөніндегі жұмыс барысы туралы ақпаратты назарға ала отырып, оған келесі өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақтың үшінші абзацындағы "2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін" деген сөздер "2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2024 жылғы 31 наурызға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы өкім ол Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап, күшіне енеді.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері:

Армения Республикасынан
ДЕПОЗИТАРИЙ

Беларусь Республика
сынан
ДЕПОЗИТА
РИЙ

Қазақстан Республика
сынан
ДЕПОЗИТА
РИЙ

Қырғыз Республика
сынан
ДЕПОЗИТА
РИЙ

Ресей Федерация
сынан
ДЕПОЗИТА
РИЙ
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады