2019 жылғы 11 маусымдағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 93-шешімінің 3-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 3 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларға қатысты ерекше субсидияларды Еуразиялық экономикалық комиссиямен ерікті түрде келісу тәртібі туралы 2017 жылғы 26 мамырдағы Келісімнің 11-бабы 1-тармағының 15-тармақшасын іске асыру және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ерекше субсидиялар беруіне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссияның талқылаулар жүргізуі мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы шешті:

      1. 2019 жылғы 11 маусымдағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 93 "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бірлесіп өндірген өнеркәсіптік тауарды тану тәртібі туралы" шешімінің 3-тармағындағы "2024 жылғы 13 шілдеге дейін қоса алғанда" деген сөздер "2029 жылғы 13 шілдеге дейін қоса алғанда" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2.  Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2024 жылғы 14 шілдеден ерте емес күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
алқасының төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады