2013 жылғы 9 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 65-шешіміне қосымшаға өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 6 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың 107 және 110-тармақтарына сәйкес (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8-қосымша) және Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 65-шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараны қайта қараудың орындылығын айқындау мақсатында жүргізілген демпингке қарсы қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша дайындалған Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде, өзгерген жағдайларға байланысты Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы шешті:

      1.  2013 жылғы 9 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 65 "Қытай Халық Республикасы мен Малайзиядан шығатын және Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін тот баспайтын болаттан жасалған суықтай деформацияланған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы" шешіміне қосымшаның мәтіні бойынша "19,15" деген сандар "29,39" деген сандармен ауыстырылсын.

      2.  Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
алқасының төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады