Бақылау объектісін қадағалауды тоқтатпай Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаларды алу кезінде және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша қадағалау объектісінің жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаны ауыстыру барысында оларды кейіннен салу кезінде, және навигациялық пломбаның алынуы мүмкін не оны қадағалау объектісінің жүру (тасымалдау) жолында ауыстыруға жол берілетін жағдайларда іске қосылған ұлттық операторлардың, уәкілетті операторлардың (органдардың) және бақылаушы органдардың іс-қимылдарын жасау тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 12 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы 2022 жылғы 19 сәуірдегі келісімнің 10-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған бекітілсін:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаларды алу кезінде бақылау объектісін қадағалауды және оларды кейіннен салуды тоқтатпай іске қосылған ұлттық операторлардың, уәкілетті операторлардың (органдардың) және бақылаушы органдардың іс-қимылдарын жасау тәртібі, сондай-ақ сондай-ақ навигациялық пломба бақылау объектісін қадағалауды тоқтатпай жүру (тасымалдау) жолында алынуы мүмкін жағдайлар;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша қадағалау объектісінің жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаны ауыстыру кезінде іске қосылған ұлттық операторлардың, уәкілетті операторлардың (органдардың) және бақылаушы органдардың іс-қимылдарын жасау тәртібі, және қадағалау объектісінің жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаны ауыстыруға жол берілетін жағдайлар.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасының
2024 жылғы 20 ақпандағы
№ 12 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Бақылау объектісін қадағалауды және оларды кейіннен салуды тоқтатпай Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаларды алу кезінде тартылған ұлттық операторлардың, уәкілетті операторлардың (органдардың) және бақылаушы органдардың іс – қимылдарын жасау тәртібі, сондай-ақ навигациялық пломба бақылау объектісін қадағалауды тоқтатпай жүру (тасымалдау) жолында алынуы мүмкін жағдайлар

      1. Осы тәртіп навигациялық пломба Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) аумақтары бойынша жүру (тасымалдау) жолында бақылау объектісін қадағалауды тоқтатпай алынуы мүмкін жағдайларды, навигациялық пломбаларды алу және оларды кейіннен салу жөніндегі операцияларды, ұлттық операторлардың, уәкілетті операторлардың (органдардың) және осындай алу (салу) кезінде іске асырылған бақылаушы органдардың іс-әрекеттерін және оларды жасау тәртібін айқындайды.

      2. Осы тәртіппен пайдаланылатын ұғымдар 2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімде айқындалған мәндерде қолданылады.

      3. Навигациялық пломба келесі жағдайларда бақылау объектісін қадағалауды тоқтатпай мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша жүру (тасымалдау) жолында алынуы мүмкін:

      а) кедендік транзиттің кедендік шарасы және экспорттың кедендік шаралары кезінде:

      бақылау нысандары мен шараларын таңдау қағидатын негізге ала отырып, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып айқындалған жағдайларда мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүргізу;

      бақылау объектісімен түсіруді, қайта тиеуді (ауыстырып тиеуді) және өзге де жүк операцияларын жүзеге асыру;

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 131 "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша жол жүру (тасымалдау) жолында туындаған төтенше жағдайларға жатқызылатын жағдайларды айқындау туралы" шешіміне сәйкес төтенше жағдайларға жатқызылатын жағдайлар;

      б) мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда шеңберінде:

      мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүргізу – бақылау нысандары мен шараларын іріктеу қағидатын негізге ала отырып, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, бақылаушы органы осындай бақылауды (қадағалауды) жүргізетін мүше мемлекеттің аумағына әкелінетін бақылау объектілеріне қатысты, тауарларды жеткізу (түсіру) орнында өткізу, оларды жеткізу (түсіру) орнында өткізу мүмкін болмаған кезде – мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша жүру (тасымалдау) жолында өткізу, егер:

      көлік (тасымалдау) құжаттары және шот-фактуралар (инвойстар), оның ішінде электрондық құжаттар, сондай-ақ бақылау объектісіне ілеспе рұқсат құжаттары жоқ немесе жарамсыз (жалған құжаттар, басқа тауарларға және (немесе) көлік құралдарына қатысты құжаттар немесе заңды күші жоқ құжаттар) құжаттардың белгілері бар болса;

      көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген салмақ сипаттамалары салмақ габаритті бақылау қорытындылары бойынша көлік құралын өлшеу нәтижелерінен 10 пайыздан астам ерекшеленсе;

      инспекциялық-тексеру кешенін пайдалана отырып, алынған көлік (тасымалдау) құжаттарында мәлімделмеген ақпараттың орын ауыстыру белгілері бар болса (егер инспекциялық-тексеру кешені бақылау жүргізу кезінде қолданылған жағдайда);

      бақылау объектісімен түсіруді, қайта тиеуді (ауыстырып тиеуді) және өзге де жүк операцияларын жүзеге асырса;

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 131 шешіміне сәйкес төтенше жағдайларға жатқызылатын жағдайларда;

      мүше мемлекеттердің терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің, сондай-ақ қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі құзыретті органдарынан бағдарлаушы ақпарат болса;

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қайшы келмейтін тексеруді мүше мемлекеттер арасындағы өткізу пункттерінде, ал мұндай пункттер болмаған жағдайда – бақылау нысандары мен шараларын таңдау қағидатын негізге ала отырып, мүше мемлекеттің мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін жерлерде жүзеге асыру.

      4. Бақылаушы орган мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүргізу және қадағалау объектісін бақылауды тоқтатпай навигациялық пломбаны алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, мұндай навигациялық пломбаны алу және кейіннен салу осы шешім қабылданған кезден бастап мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі.

      5. Қадағалау объектісін бақылауды тоқтатпай жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаларды алу жөніндегі операцияларды Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 128 "Навигациялық пломбаларды қолданудың кейбір мәселелері туралы" шешімінің 2-тармағының "д" тармақшасында айқындалған адамдар жүзеге асырады.

      6. Егер навигациялық пломбаны қолдану туралы шешімді бақылаушы орган қабылдаған жағдайда, бақылау объектісін қадағалаужы тоқтатпай мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша жүру (тасымалдау) жолында осындай навигациялық пломбаны алу және кейіннен осындай навигациялық пломбаны салу аумағында көрсетілген әрекеттерді жасау қажеттілігі туындаған мүше мемлекеттің бақылаушы органының рұқсатымен жүзеге асырылады.

      7. Навигациялық пломбаны алу мақсатында аумағында бақылау объектісін бақылауды тоқтатпай мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаны алу қажеттілігі туындаған мүше мемлекеттің бақылаушы органы өз мүше мемлекетінің уәкілетті операторын (органын) навигациялық пломбаны алуға рұқсат беру туралы және бір мезгілде осындай навигациялық пломбаны пломбалау элементін ашу қажеттігі туралы хабардар етеді.

      8. Навигациялық пломбаны пломбалау элементін ашу навигациялық пломба тіркелген ұлттық оператордың ақпараттық жүйесінің құралдарын пайдалана отырып, осы Тәртіптің 6-тармағында көрсетілген бақылаушы органның рұқсаты болған жағдайда қашықтан да, арнайы құрылғыны пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      9. Осы Тәртіптің 8-тармағында көзделген іс-әрекеттер жасалғаннан және (немесе) навигациялық пломбаны алу үшін себеп болған себептер жойылғаннан кейін аумағында навигациялық пломба алынған мүше мемлекеттің бақылаушы органы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      а) мұндай навигациялық пломбаны кейіннен салу, оны пломбалау элементінің тұйықталуы туралы;

      б) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес навигациялық пломбаны белсенсіз еті және өзге де әрекеттер жасау туралы;

      в) навигациялық пломбаны ауыстыру туралы.

      10. Осы Тәртіптің 9-тармағына сәйкес шешім қабылданғаннан кейін бақылаушы орган өзінің мүше мемлекетінің уәкілетті операторын (органын) мынадай әрекеттердің бірін орындау қажеттігі туралы хабардар етеді:

      кейіннен навигациялық пломбаны салу;

      навигациялық пломбаны белсенсіз ету және осы пломбаны қолдана отырып тасымалдауды қадағалауды аяқтау;

      навигациялық пломбаны ауыстыру.

      Навигациялық пломбаны кейіннен салу қажеттілігі туралы хабардар ету (егер ол кейіннен навигациялық пломба салынатын жерде болса), навигациялық пломбаны кейіннен салуды бақылаушы органның өзі жүргізетін жағдайларды қоспағанда, бақылаушы органның ұлттық операторға немесе тасымалдаушыға (егер ұлттық оператор кейіннен навигациялық пломба салынатын жерде болмаса) көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыруға рұқсаты болып табылады.

      11. Навигациялық пломбаны кейіннен салу кезінде навигациялық пломбаны пломбалау элементін тұйықтау навигациялық пломба тіркелген ұлттық оператордың ақпараттық жүйесінің құралдарын пайдалана отырып, қашықтан да, сол сияқты арнайы құрылғыны пайдалана отырып та жүзеге асырылады.

      12. Ұлттық операторлар мен бір мүше мемлекеттің бақылаушы органдары арасындағы өзара іс-қимыл (оның ішінде ақпараттық) осындай мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) арқылы жүзеге асырылады.

      Бір мүше мемлекеттің ұлттық операторлары мен бақылаушы органдарының басқа мүше мемлекеттердің ұлттық операторларымен және бақылаушы органдарымен өзара іс-қимылы (оның ішінде ақпараттық) навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдарды қадағалау кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары) арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібін ескере отырып, мүше мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары) арқылы жүзеге асырылады (Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 139 шешіміне тіркелген № 1 қосымша).

  Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасының
2024 жылғы 20 ақпандағы
№ 12 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша қадағалау объектісінің жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаны ауыстыру кезінде іске қосылған ұлттық операторлардың, уәкілетті операторлардың (органдардың) және бақылаушы органдардың іс-қимылдарын жасау тәртібі және қадағалау объектісінің жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаны ауыстыруға жол берілетін жағдайлар

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер)аумақтары бойынша қадағалау объектісінің жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаны ауыстыруға жол берілетін жағдайларды, навигациялық пломбаны ауыстыру жөніндегі операцияларды, осындай ауыстыру кезінде іске қосылған ұлттық операторлардың, уәкілетті операторлардың (органдардың) және бақылаушы органдардың іс-әрекеттерін және оларды жасау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Тәртіппен пайдаланылатын ұғымдар 2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімде айқындалған мәндерде қолданылады.

      3. Бақылау объектісінің жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаны ауыстыруға, егер бақылаушы орган навигациялық пломбаны ауыстыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, оның ішінде төтенше жағдай туындаған және (немесе) рұқсат етілмеген әрекетті жүзеге асырған жағдайда жол беріледі.

      4. Навигациялық пломбаны ауыстыру туралы шешімді аумағында бақылау объектісі орналасқан мүше мемлекеттің бақылаушы органы қабылдайды.

      Қабылданған шешім және оны қабылдау себептері туралы бақылаушы орган өзінің мүше мемлекетінің уәкілетті операторын (органын) дереу хабардар етеді.

      5. Аумағында навигациялық пломбаны ауыстыру қажеттілігі туындаған мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) мүмкіндігінше қысқа мерзімде:

      а) өзінің мүше мемлекетінің ұлттық операторынан (егер олар бірнешеу болған жағдайда, ұлттық операторларынан) осындай ауыстырудың ықтимал орындары мен уақыты туралы ақпаратты сұратады;

      б) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін бақылаушы органмен навигациялық пломбаны ауыстыру орны мен уақытын келіседі;

      в) навигациялық пломбаны ауыстыру үшін айқындалған тасымалдаушы мен ұлттық операторды осындай ауыстырудың орны мен уақыты туралы хабардар етеді.

      6. Қадағалау объектісінің жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаны ауыстыру жөніндегі операцияларды Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 128 "Навигациялық пломбаларды қолданудың кейбір мәселелері туралы" шешімінің 2-тармағының "д" тармақшасында айқындалған адамдар жүзеге асырады.

      7. Навигациялық пломбаны ауыстыру себептері, оны ауыстыру күні, уақыты және орны туралы, осындай ауыстыруды жүзеге асырған адамдар туралы ақпарат, навигациялық пломбаны ауыстыру туралы шешім қабылдаған бақылаушы органның атауы, ауыстыру себебі бойынша алынған және салынған навигациялық пломбалардың бірегей сәйкестендіру нөмірлері, ақпараттық жүйесінде жаңа навигациялық пломба тіркелген ұлттық оператордың атауы аумағында бақылау объектілерін тасымалдауды қадағалау басталған мүше мемлекеттің ұлттық операторының ақпараттық жүйесінде тіркеледі.

      8. Навигациялық пломба ауыстырылған жағдайда ауыстыруға жататын навигациялық пломбадағы ақпарат салынған навигациялық пломбаға жазылуға тиіс.

      9. Ұлттық операторлар мен бір мүше мемлекеттің бақылаушы органдары арасындағы өзара іс-қимыл (оның ішінде ақпараттық) осындай мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) арқылы жүзеге асырылады.

      Бір мүше мемлекеттің ұлттық операторлары мен бақылаушы органдарының басқа мүше мемлекеттердің ұлттық операторларымен және бақылаушы органдарымен өзара іс-қимылы (оның ішінде ақпараттық) навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдарды қадағалау кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары) арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібін ескере отырып, мүше мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары) арқылы жүзеге асырылады (Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 139 шешіміне тіркелген № 1 қосымша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады