Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 46-бабына және үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы Хаттаманың 4 және 37-тармақтарына сәйкес (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа № 7 қосымша) Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 40 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелудің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетудің рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің 2.10-бөлімінің 3-кестесі (көрсетілген шешімнің № 2 қосымшасы) мынадай редакцияда жазылсын:
"3-кесте
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
1. Коллоидтық күйдегі бағалы металдар, белгілі бір немесе белгісіз химиялық құрамы бар бейорганикалық немесе органикалық бағалы металдардың қосылыстары, құрамында 2 мас % және одан да көп бағалы металдар бар бағалы металдардың амальгамалары |
2843 10 |
2. Өнімдер мен бұйымдар түріндегі бағалы металдар |
7106 10 000 0* |
3. Тиындар | 7118**". |
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бағалы металдар мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеде (көрсетілген шешімге № 14 қосымша):
а) 7-тармақтың екінші абзацындағы, 9 және 10-тармақтардағы "және 9608 30 000 0-ден" деген сөздер, "9608 30 000 0-ден және 9608 50 000 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) көрсетілген Ережеге № 2 қосымшада:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы Хаттамада көзделген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.10-бөлімінің 1 және 3-кестелерінде көрсетілген бағалы металдар мен шикізат тауарларын мемлекеттік бақылау (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) (келесі – бірыңғай тізбе), егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, мамандандырылған (санатталған) кеден бекеттерінде немесе мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған мүше мемлекеттердің кеден органдарының бөлімдерінде, сондай-ақ өзге де орындарда жүзеге асырылады.
Бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 1 және 3-кестелерінде көрсетілген бағалы металдар мен шикізат тауарларын мемлекеттік бақылау мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.";
3-тармақтың "г" тармақшасындағы "Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) көзделген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың (бұдан әрі – бірыңғай тізбе)" деген сөздер алып тастау;
4-тармақта:
"а" тармақшасында:
төртінші абзацта "спецификация" сөзі "спецификацияның көшірмесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "және 9608 30 000 0-ден" деген сөздер, "9608 30 000 0-ден және 9608 50 000 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;
"б" тармақшасында:
үшінші абзацта:
"лицензия" деген сөздер "лицензия көшірмесінің" деген сөздермен ауыстырылсын, "Лицензия" деген сөз "лицензияның көшірмесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "спецификация" сөзі "спецификацияның көшірмесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы абзацтағы "және 9608 30 000 0-ден" деген сөздер, "9608 30 000 0-ден және 9608 50 000 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;
"в" тармақшасында:
екінші абзац, "егер тауарларды жөндеу кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімін қолданудың мақсаты болып табылса, тауарларға арналған декларацияны осындай құжат ретінде пайдалану жағдайларын қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші абзацтағы "және 9608 30 000 0-ден" деген сөздер, "9608 30 000 0-ден және 9608 50 000 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15 тармақпен толықтырылсын:
"15. Мемлекеттік бақылау актісі мынадай жағдайларда жойылуы мүмкін:
а) контрагенттің мемлекеттік бақылау жүзеге асырылғаннан кейін мәміледен бас тартуы;
б) мүше мемлекеттің кеден органының тауар шығарудан бас тартуы;
в) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін тауарды қайта беру кезінде.".