Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 28 мамырдағы № 58 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 57-бабының 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Техникалық реттеу хаттамасының 5-тармағына (көрсетілген шартқа № 9 қосымша), Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың 4-тармағының төртінші және алтыншы абзацтарына (көрсетілген шартқа № 12 қосымша), Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 2 қосымшаның 6, 9 және 21-тармақтарына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 80 шешімімен бекітілген Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібінің 7-тармағының "және" тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "қолдану бойынша нұсқаулық (дезинфекциялық құралдар үшін);".

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ "Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін қолданысқа енгізуді көздейтін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының өкімі күшіне енген күннен ерте емес мерзімде күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады