Халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберуге жатпайтын тауарлардың тізбесі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 28 мамырдағы № 62 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 285-бабының 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберуге жатпайтын тауарлардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы Шешім Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе):

      Ресей Федерациясы Калининград облысының аумағы мен Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігінің;

      Армения Республикасының аумағы мен Одақтың кедендік аумағының қалған бөлігінің арасында теңіз арқылы тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) тауарларына қатысты қолданылмайды деп белгіленсін.

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      Кеден одағы Комиссиясының "Халықаралық почта жөнелтімдерімен тауарларды жіберу ерекшеліктері туралы" 2010 жылғы 17 тамыздағы № 338 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 338 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 7 маусымдағы № 67 шешімі;

      Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жекелеген шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы" 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешіміне № 3 қосымша).

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2024 жылғы 28 мамырдағы
№ 62 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберуге жатпайтын тауарлардың ТІЗБЕСІ

      1. Алкоголь өнімі1 және сыра (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН)) 2203 00 – 2206 00 тауар позициялары, 2208 20 120 0 – 2208 90 780 9 субпозициялары, бір халықаралық почта жөнелтілімімен жіберілетін, қоса алғанда 5 литрге дейінгі мөлшердегі алкоголь өнімі мен сыраны қоспағанда:

      оларды Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағынан әкету кезінде (Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, жеке кәсіпкерлер) ретінде тіркелген, жөнелтушілер болып табылатын заңды тұлғаларда немесе жеке тұлғаларда осындай өнімді (тауарларды) өндіруге және (немесе) олардың айналымына рұқсат беру құжаттары болған кезде) (егер мұндай құжаттар аумағында заңды тұлға немесе дара кәсіпкер тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда);

      осындай өнімдерге (тауарларға) зерттеулер немесе сынақтар жүргізу үшін (оларды жөнелтушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларда немесе дара кәсіпкерлерде осындай өнімді (тауарларды) өндіруге және (немесе) айналымға (оның ішінде импорт пен экспортқа) рұқсат беру құжаттары (егер мұндай құжаттар аумағында заңды тұлға немесе дара кәсіпкер тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда) болған кезде) сынамалар мен үлгілер, сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органмен (аккредиттелген сынақ зертханасымен (орталығымен) жасалған шарт немесе осы мақсаттар үшін қажетті мөлшерді (салмақ пен көлемді) растайтын сертификаттау жөніндегі осындай аккредиттелген органның (аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) хаты ретінде;

      халықаралық стандарттарға сәйкес өлшеулерді жүзеге асыру, зерттеулер, сынақтар немесе тестілеулер жүргізу үшін сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органның (аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының)) атына сынамалар мен үлгілер ретінде (сертификаттау жөніндегі осындай аккредиттелген органның (аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының)) осы мақсаттар үшін қажетті осындай өнімнің (тауарлардың) санын (салмағы мен көлемін) растайтын хаты болған кезде);

      Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде жеке тұлғаның немесе одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде жеке тұлғаның атына2;

      осы тармақта көрсетілген жөнелтушілерге халықаралық пошта жөнелтілімінде бұрын әкетілген (әкелінген) және адресатқа тапсырылмаған тауарларды кері әкелу (әкету) кезінде қайтарылған жағдайда.

      2. Бір халықаралық почта жөнелтілімімен жіберілетін, қоса алғанда 5 литрге дейінгі мөлшердегі этил спиртін қоспағанда, этил спирті (ЕАЭО СЭҚ ТН 2207 тауар позициясы 2208 90 910 0 және 2208 90 990 0 қосалқы позициялары):

      этиль спиртіне зерттеулер немесе сынақтар жүргізу үшін (оларды жөнелтушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларда немесе дара кәсіпкерлерде этиль спиртін өндіруге және (немесе) айналымға (оның ішінде импорт пен экспортқа) рұқсат беру құжаттары (егер мұндай құжаттар аумағында заңды тұлға немесе дара кәсіпкер тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда) болған кезде) сынамалар мен үлгілер, сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органмен (аккредиттелген сынақ зертханасымен (орталығымен) жасалған шарт немесе осы мақсаттар үшін қажетті мөлшерді (салмақ пен көлемді) растайтын сертификаттау жөніндегі осындай аккредиттелген органның (аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) хаты ретінде;

      халықаралық стандарттарға сәйкес өлшеулерді жүзеге асыру, зерттеулер, сынақтар немесе тестілеулер жүргізу үшін сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органның (аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының)) атына сынамалар мен үлгілер ретінде (сертификаттау жөніндегі осындай аккредиттелген органның (аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының)) осы мақсаттар үшін қажетті этиль спиртінің мөлшерін (салмағы мен көлемін) растайтын хаты болған кезде);

      Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде жеке тұлғаның немесе одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде жеке тұлғаның атына2;

      осы тармақта көрсетілген жөнелтушілерге халықаралық пошта жөнелтілімінде бұрын әкетілген (әкелінген) және адресатқа тапсырылмаған этиль спиртін кері әкелу (әкету) кезінде қайтарылған жағдайда.

      3. Темекі өнімдері, темекі қоспалары, құрамында темекі жоқ шегу өнімдері және құрамында никотин бар өзге де өнімдер, оның ішінде никотинді жеткізу жүйелерінде пайдалануға арналған сұйықтықтар және никотинді жеткізу жүйелеріне арналған толтырғыштар, оның ішінде никотинсіз (ЕАЭО СЭҚ ТН 2402 – 2404 тауар позициялары), мыналарды қоспағанда:

      а) 1000 данаға дейінгі темекі немесе 200 данаға дейінгі сигарет немесе 1000 граммға дейінгі темекі немесе жалпы салмағы 1000 грамға дейінгі жиынтықта көрсетілген бұйымдар немесе құрамында никотин бар өзге де өнімдер, оның ішінде никотинді жеткізу жүйелерінде пайдалануға арналған сұйықтықтар және никотинді, оның ішінде никотин жоқ жеткізу жүйелеріне арналған құны бір халықаралық почта жөнелтілімімен жіберілетін 500 еуродан аспайтын толтырғыштар,:

      осындай өнімдерге (тауарларға) зерттеулер немесе сынақтар жүргізу үшін (оларды жөнелтушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларда немесе дара кәсіпкерлерде осындай өнімді (тауарларды) өндіруге және (немесе) айналымға (оның ішінде импорт пен экспортқа) рұқсат беру құжаттары (егер мұндай құжаттар аумағында заңды тұлға немесе дара кәсіпкер тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда) болған кезде) сынамалар мен үлгілер, сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органмен (аккредиттелген сынақ зертханасымен (орталығымен) жасалған шарт немесе осы мақсаттар үшін қажетті мөлшерді (салмақ пен көлемді) растайтын сертификаттау жөніндегі осындай аккредиттелген органның (аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) хаты ретінде;

      Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес өлшеулерді халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асыру, зерттеулер, сынақтар, тестілеулер жүргізу немесе өлшем құралдарын калибрлеуді жүргізу және нормаланатын өлшемдерді өлшеу үшін сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органның (аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) атына сынамалар мен үлгілер ретінде (сертификаттау жөніндегі осындай аккредиттелген органның (аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының)) осы мақсаттар үшін қажетті осындай өнімнің (тауарлардың) санын (салмағы мен көлемін) растайтын хаты болған кезде);

      бұрын халықаралық пошта жөнелтілімімен әкетілген (әкелінген) және адресатқа тапсырылмаған тауарларды кері әкелу (әкету) кезінде осы тармақта көрсетілген жөнелтушілерге қайтарылған жағдайда;

      б) Одақтың кедендік аумағына немесе жеке тұлғадан әкелу кезінде жеке тұлғаның атына бір халықаралық пошта жөнелтілімінде жіберілетін 200 Темекі немесе 50 сигара (сигарилла) немесе қыздырылатын темекісі бар 200 бұйым ("таяқшалар") немесе 250 грамм темекі немесе жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын ассортименттегі бұйымдар одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде2.

      4. Тринитротолуолдар және динитронафталиндер (ЕАЭО СЭҚ ТН 2904 20 000 0 субпозициясы).

      5. Құрамында патогендік факторларды кодтайтын және микроорганизмдерден алынған нуклеин қышқылының тізбектері (учаскелері) бар шартты патогендік және патогендік генетикалық-инженерлік организмдер (генетикалық өзгерген микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, хламидиндер, риккетсин, қарапайымдар, саңырауқұлақтар, микоплазмалар) немесе генетикалық элементтер (фрагменттер), токсиндердің кез келгенін кодтайтын нуклеин қышқылының тізбегін (учаскелерін) қамтитын генетикалық өзгерген микроорганизмдер немесе генетикалық элементтер (фрагменттер)) (ЕАЭО СЭҚ ТН 2934 99 800 0, 3002 49 000 1, 3002 49 000 9, 3002 51 000 0 және 3002 59 000 0 кіші қосалқы позициялары)

      6. Түтінді оқ-дәрі, пироксилинді оқ-дәрі, баллиститті оқ-дәрі және зымырандық қатты отындар, гранипорлар (ЕАЭО СЭҚ ТН 3601 00 000 0 тауар позициясы).

      7. Оқ-дәріден басқа дайын жарылғыш заттар (оның ішінде граммониттер, аммониттер, тротил зарядтары, гелекстер, гранулотол, алюмотол, пластиттер) (ЕАЭО СЭҚ ТН 3602 00 000 0 тауар позициясы).

      8. От өткізгіш шнурлар, детонациялаушы шнурлар, соққы немесе детонациялаушы капсюльдер, сақтандырғыштар, электродетонаторлар, бастамалаудың өзге де электрлік емес жүйелері (ЕАЭО СЭҚ ТН 3603 тауар позициясы).

      9. Отшашулар, сигналдық зымырандар, жаңбыр зымырандары, тұманға қарсы сигналдар және өзге де пиротехникалық бұйымдар (ЕАЭО СЭҚ ТН 3604 тауар позициясы).

      10. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу белгіленген тауарлардың тізбесінде көрсетілген тауарлар (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 1 қосымша).

      11. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелудің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетудің рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің 2.1 (озонды бұзатын заттар), 2.3 (қауіпті қалдықтар) және 2.13 (есірткі құралдары мен психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттар) бөлімдерінде көрсетілген тауарлар (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 2 қосымша (бұдан әрі – тізбе).

      12. Тізбенің 2.9-бөлімінің 1-кестесінде көрсетілген табиғи алмастар және тізбенің 2.9 – бөлімінің 2-кестесінің 1-6-тармақтарында көрсетілген асыл тастар.

      13. Тізбенің 2.10-бөлімінің 1 және 2-кестелерінде көрсетілген бағалы металдар мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары.

      14. Тізбенің 2.12-бөлімінде көрсетілген тауарлар (есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың прекурсорлары).

      15. Тізбенің 2.12-бөлімінде көрсетілмеген құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың прекурсорлары бар тауарлар (есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың прекурсорлары):

      мимоза хостилис (Mimosa tenuiflora түріндегі өсімдік).

      16. Жеке пайдалануға арналған тауарлар (адамның биологиялық материалдарының үлгілерін қоспағанда) ретінде өткізілетін тізбенің 2.21-бөлімінде көрсетілген тауарлар (адамның ағзалары мен тіндері, қаны және оның компоненттері, адамның биологиялық материалдарының үлгілері).

      17. Шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы қаруға конструктивті ұқсас бұйымдарды қоспағанда, қару (оның бөліктері), оның патрондары (олардың бөліктері) қаруға конструктивті ұқсас бұйымдар.

      18. Одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелінетін тізбенің 2.2 (өсімдіктерді қорғау құралдары (пестицидтер)) және 2.17 (ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдар) бөлімдерінде көрсетілген тауарлар.

      19. Тізбенің Одақтың кедендік аумағынан жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкетілетін 2.11 (минералды шикізат түрлері), 2.17 (ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдар), 2.20 (мәдени құндылықтар, ұлттық мұрағат қорларының құжаттары, мұрағат құжаттарының түпнұсқалары) және 2.23 (отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнаулары туралы ақпарат) бөлімдерінде көрсетілген тауарлар.

      20. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тізбенің 2.30-бөлімінде көрсетілген тауарлар (зертханалық масштабтағы зерттеулерде, сондай-ақ эталондық стандарт ретінде пайдалануға жататын өсімдіктерді қорғау құралдары және басқа да тұрақты органикалық ластағыштар).

      21. Мүше мемлекеттер оларға қатысты Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада көзделген тәртіппен біржақты тәртіппен тарифтік емес реттеу шараларын енгізген және қолданған тауарлар (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша)3.

      22. Одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) осындай тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу нысанында бір немесе бірнеше мүше мемлекеттер біржақты тәртіппен уақытша өзге де шаралар белгілеген тауарлар4.

      _____________

      1 Алкоголь өнімі деп алкоголь концентрациясы 0,5 об.% асатын алкогольдік сусындар түсініледі.(квасты қоспағанда).

      2 18 жасқа толған, Армения Республикасының азаматтығы бар, Армения Республикасында тұрақты тұратын және Армения Республикасының аумағында орналасқан жеке тұлғаларға қатысты қолданылады.

      3 Одақтың кедендік аумағына тиісті тауарларды әкелу және (немесе) Одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде уақытша шаралар енгізілген және қолданылған мүше мемлекеттерде қолданылады.

      4 Тиісті тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) Одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде уақытша шаралар белгіленген, олар туралы ақпарат "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің ресми сайттарында орналастырылатын мүше мемлекеттерде ғана қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады