Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 75 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 18 маусымдағы № 63 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабының 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне тіркелген №2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 75 "Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Май өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 024/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Май өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 024/2011) техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы" шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия алқасының
2024 жылғы 18 маусымдағы
№ 63 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 75 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Атауы мен 1-тармағы "осы техникалық регламенттің талаптарына" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Май өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 024/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Май өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 024/2011) техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламада:

      а) атауы "осы техникалық регламенттің талаптарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) 13-позициядағы 6-бағандағы "2022" деген сандар "2024" деген сандармен ауыстырылсын;

      в) мынадай мазмұндағы 37-позициямен толықтырылсын:

      "

37

67.200.10

Жануарлар мен өсімдік майлары және тоң майлары. ГХ/МС қолдану арқылы монохлорпропандиолдар (МХПД) мен глицидолдың май қышқылдарының күрделі эфирлерінің құрамын анықтау. 4-бөлік. ГХ/МС/МС қолдану арқылы жылдам сілтілі қайта этерификацияны қолдану және 2-МХПД, 3-МХПД және глицидолдың мөлшерін өлшеу әдісі. ISO 18363–4:2021 негізінде МемСТ әзірлеу

қосымша

2023 жыл

2024 жыл

Ресей Федерациясы

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады