"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары сыртқы және өзара сауданы реттеу кезінде ресімдейтін, оның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсатында кедендік операцияларды жасау кезінде ұсынылатын құжаттардың дерекқорларын пайдалану" жалпы процесін іске асыру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 18 маусымдағы № 68 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы Хаттаманың 30-тармағына сәйкес (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа тіркелген № 3-қосымша) және 2016 жылғы 19 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 169-шешімін басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы шешті:

      1. 2018 жылғы 21 тамыздағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 136-шешімімен бекітілген "Сыртқы және өзара сауданы реттеу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары ресімдейтін, оның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсатында кедендік операцияларды жасау кезінде ұсынылатын құжаттардың дерекқорларын пайдалану" жалпы процесін іске асыру қағидаларына, қосымшаға сәйкес өзгертулер енгізу.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
      алқасының төрағасы Б. Сағынтаев

  2024 жылғы 18 маусымдағы
Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасының
№ 68 шешіміне тіркелген
ҚОСЫМША

"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары сыртқы және өзара сауданы реттеу кезінде ресімдейтін, оның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсатында кедендік операцияларды жасау кезінде ұсынылатын құжаттардың дерекқорларын пайдалану" жалпы процесін іске асыру қағидаларына енгізілетін өзгерістер

      1.  Көрсетілген қағидаларға № 21-қосымшаның 5-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жалпы процесті іске асыру шеңберінде Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы берілген куәліктер туралы мәліметтер кеден органдарына электрондық құжаттардың форматтары мен құрылымдарына және 2022 жылғы 15 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 177 "Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одағының жалпы процесінің" интеграцияланған ақпараттық жүйенің құралдарымен өткізу үшін пайдаланылатын электрондық құжаттар мен мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасында келтірілген мәліметтерге сәйкес ұсынылады.

      2. Көрсетілген қағидаларға № 22-қосымшада:

      2-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын;

      5-тармақтағы "және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссия" деген сөздер алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады