Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 30-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 169 шешімін басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары сыртқы және ішкі сауданы реттеу кезінде ресімдейтін, соның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсатында кедендік операцияларды жүргізген кезде ұсынатын құжаттардың дерекқорын пайдалану" жалпы процесін іске асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 21 тамыздағы № 135 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары сыртқы және ішкі сауданы реттеу кезінде ресімдейтін, соның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсатында кедендік операцияларды жүргізген кезде ұсынатын құжаттардың дерекқорын пайдалану" жалпы процесін іске асыру ҚАҒИДАЛАРЫ
І. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары сыртқы және ішкі сауданы реттеу кезінде ресімдейтін, соның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсатында кедендік операцияларды жүргізген кезде ұсынатын құжаттардың дерекқорын пайдалану" жалпы процесін іске асыруға қойылатын талаптарды, сондай-ақ жалпы процесті іске асыру мен оның міндеттерін, жалпы процеске қатысушылардың оны іске асыру кезінде жүзеге асыратын функцияларын, пайдаланылатын және қалыптастырылатын ақпараттық ресурстарды, ақапараттық өзара іс-қимылдың ерекшеліктерін және оны іске асыруға арналған іс-шаралардың тізбесін айқындайды.
2. Жалпы процесті іске асыру Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуазиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесінің 1-тармағында (бұдан әрі – жалпы процестер тізбесі) көзделген.
Ақпараттық өзара іс-қимыл жалпы процестер тізбесінде көрсетілген салаларда жалпы процесс шеңберінде іске асырылады.
Осы Қағидалар жалпы процесті іске асыруды ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды технологиялық жобалауды және жоспарлауды орындау үшін негіз болып табылады.
3. Осы Қағиданың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады, олар мыналарды білдіреді:
"құжаттар" - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары сыртқы және ішкі сауданы реттеу кезінде ресімдейтін, соның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсатында кедендік операцияларды жүргізген кезде ұсынатын құжаттар
"мүдделі орган" - Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына сәйкес жалпы процесс аясында ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде электрондық құжаттар, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтер және (немесе) құжаттардан мәліметтер алынуы мүмкін орган ретінде белгіленген Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік органы;
"ұлттық ақпараттық ресурс" - электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді қамтитын, және Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық жүйесімен интеграцияланған ұлттық сегментінде орналастырылған не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының ақпараттық жүйесінің шеңберіндегі ақпараттық ресурс;
"жалпы ақпараттық ресурс" - Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпараттық өзара іс-қимылы негізінде қалыптастырылатын, электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді қамтитын, және Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық жүйесімен интеграцияланған ұлттық сегментінде орналастырылған ақпараттық ресурс;
"ақпарат көздерінің жалпы тізбесі" - Еуразиялық экономикалық комиссияның ұлттық ақпараттық ресурстар және жалпы ақпараттық ресурстар туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық ресурсы:
"уәкілетті орган" - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұлттық ақпараттық ресурсты қалыптастыруды және (немесе) жүргізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік органы (ұйымы).
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде және Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - Одақ) органдарының Одақтың интеграциялық ақпараттық жүйесін құру және дамыту (бұдан әрі – интерграциялық жүйе) мәселелері жөніндегі актілерінде айқындалған мағыналарында қолданылады.
ІІ. Мақсаттары мен міндеттері
4. Жалпы процестің мақсаттары мыналар болып табылады:
а) уәкілетті және мүдделі органдардың өзара іс -қимылы рәсімдерінің тиімділігін ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру арқылы жеңілдету және арттыру;
б) Одаққа мүше бір мемлекеттің мүдделі органдарының сыртқы және ішкі сауданы реттеу кезінде екінші бір мүше мемлекеттің уәкілетті органдары ресімдейтін ұлттық ақпараттық ресурстардан және (немесе) жалпы ақпараттық ресурстардан электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді, соның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсатында кедендік операцияларды жүргізген кезде ұсынатын құжаттарды жалпы процестің технологиялық құжаттарында белгіленген мерзімдерде алуы.
5. Жалпы процесті іске асырған кезде мынадай міндеттерді шешу қажет:
а) Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) ақпарат көздерінің жалпы тізбесін қалыптастыруы және жүргізуі;
б) Одаққа мүше бір мемлекеттің мүдделі органдарының сұрау салулары бойынша екінші бір мүше мемлекеттің уәкілетті органдары сыртқы және ішкі сауданы реттеу кезінде ресімдейтін электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді, соның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсатында кедендік операцияларды жүргізген кезде ұсынатын, және ұлттық және жалпы ресурстарда сақталатын құжаттарды жалпы процестің технологиялық құжаттарында белгіленген мерзімдерде ұсынуы;
в) электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді беру үшін Одақтың Комиссия бекітетін және электрондық құжаттар мен мәліметтердің бірыңғай тізіліміне енгізілген электрондық құжаттардың біріздендірілген құрылымын әзірлеу және қолдану;
г) Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесіне енгізілетін, уәкілетті органдарды сыныптау және кодпен белгілеу үшін қажет болатын анықтамалықтар мен сыныптауыштарды әзірлеу (қажет болғанда), енгізу және қолдану.
6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген шешім мәліметтерді және (немесе) олардан алынған мәліметтерді Одақтың құқығына сәйкес мүдделі органдар ұлттық және (немесе) жалпы ақпараттық ресурстардан алуы мүмкін құжаттар түрін, енгізілетін ақпараттық ресурстар және жалпы процестерге қатысушылар құрамы ескеріле отырып өзгерту кезең-кезеңімен іске асырылуға тиіс.
7. Жалпы процестерді мүдделі органдардың ұлттық және (немесе) жалпы ақпараттық ресурстарға сұрау салуларын өңдеу бойынша қалыптастырылатын ақпарат негізінде жалпы процесті іске асыру аясында мүдделі органдардың жалпы процесс шеңберінде ұлттық және (немесе) жалпы ақпараттық ресурстардан мәліметтер алуына мониторинг жүргізумен байланысты міндеттерді шешу мүмкіндігі қосымша қамтамасыз етілетін болады.
ІІІ. Жалпы процеске қатысушылар
8. Жалпы процеске қатысушылар мыналар болып табылады:
а) уәкілетті органдар;
б) мүдделі органдар;
в) Комиссия.
9. Уәкілетті органдар ұлттық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді.
10. Одаққа мүше бір мемлекеттің уәкілетті органдары екінші бір мүше мүше мемлекеттің мүдделі органдарының сұрау салуына жауап ретінде ұлттық ақпараттық ресурстан электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді не олардың ұлттық ақпараттық ресурстарда жоқ екені туралы ақпаратты ұсынады.
11. Жалпы процесті іске асыру аясында мүдделі органдар мынадай функцияларды орындайды:
а) ақпарат көздерінің жалпы тізбесінен өзекті мәлеметтерге сұрау салуды және алуды Комиссияға жіберу;
б) ұлттық ақпараттық ресурстан электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді беру туралы сұрау салуды жалпы ақпарат көздерінің тізбесінен алынған мәліметтердің негізінде қалыптастырып, оны уәкілетті органға жіберу;
в) ұлттық ақпараттық ресурстан электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді беру туралы сұрау салуды жалпы ақпарат көздерінің тізбесінен алынған мәліметтердің негізінде қалыптастырып, оны Комиссияға жіберу;
г) жалпы немесе ұлттық ақпараттық ресурстан электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді алу және өңдеу не олардың жалпы немесе ұлттық ақпараттық ресурста жоқ екені туралы ақпаратты алу.
12. Комисся жалпы процесті іске асыру аясында мынадай функцияларды орындайды:
а) осы Қағидалардың VІІ бөліміне сәйкес ақпарат көздерінің жалпы тізбесін жасап, жүргізу;
б) мүдделі органдарға ақпарат көздерінің жалпы тізбесінен мәліметтер беру;
в) мүдделі органдардың сұрау салуына жалпы немесе ұлттық ақпараттық ресурстан электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді немесе жалпы немесе ұлттық ақпараттық ресурста олардың жоқ екендігі туралы ақпаратты беру.
13. Мүше мемлекеттердің мүдделі және уәкілетті органдарының, мүдделі органдар мен Комиссияның жалпы процесті іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылы № 1 қосымшаға сәйкес функционалдық схема бойынша жүзеге асырылады.
ІV. Ақпараттық ресурстар және сервистер
14. Мүдделі органдарды қолжетімді ұлттық және жалпы ақпараттық ресурстар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Комиссия осы Қағидалардың VІІ бөліміне сәйкес ақпарат көздерінің жалпы тізбесін жүргізеді.
15. Жалпы процесті іске асыру кезінде электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді қамтитын жалпы ақпараттық ресурстарды қалыптастыру көзделмейді. Жалпы процестердің тізбесінде көзделген, басқа жалпы процестер шеңберінде қалыптасқан электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді қамтитын жалпы ақпараттық ресурстарды пайдалану көзделеді.
16. Жалпы процесте құжаттардың өзгеру хронологиясын ескере отырып, құжаттарды олардың түріне қарай сәйкестендіру қамтамасыз етілген жағдайда құжаттардың бір түрі немесе бірнеше түрі туралы ақпаратты қамтитын ұлттық және (немесе) жалпы ақпараттық ресурстар пайдаланылуы мүмкін.
17. Жалпы процесті іске асыру мақсатында уәкілетті органдар мынадай электрондық сервистерді іске асыруды және қолдануды қамтамасыз етеді:
а) ұлттық ақпараттық ресурстан электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді беру туралы сұрау салуларды алу және өңдеу;
б) ұлттық ақпараттық ресурстан электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді іздестіру;
в) сұрау салуды жіберген мүдделі органға электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді қалыптастырып, жіберу;
г) сұрау салуды жіберген мүдделі органға ұлттық ақпараттық ресурста электрондық құжаттардың, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтердің және (немесе) құжаттардан мәліметтердің жоқ екендігі туралы ақпаратты қалыптастырып, жіберу.
18. Мүдделі органдар жалпы процесті іске асыру мақсатында мынадай электрондық сервистердің іске асырылуын және қолданылуын қамтамасыз етеді:
а) ақпараттық көздердің жалпы тізбесінен өзекті мәліметтерді алу туралы Комиссияға сұрау салуларды қалыптастырып, жіберу;
б) ақпараттық көздердің жалпы тізбесінен мәліметтерді алу және өңдеу;
в) ұлттық ақпараттық ресурстан электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді беру туралы сұрау салуларды қалыптастырып, жіберу;
г) ұлттық және жалпы ақпараттық ресурстан электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді алу ;
д) ұлттық және жалпы ақпараттық ресурста электрондық құжаттардың, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтердің және (немесе) құжаттардан мәліметтердің жоқ екендігі туралы ақпаратты алу және өңдеу.
19. Жалпы процесті іске асыру мақсатында Комиссия интеграцияланған жүйенің интеграциялық сегменті шеңберінде мынадай электрондық сервистердің іске асырылуын және қолданылуын қамтамасыз етеді:
а) ақпарат көздерінің жалпы тізбесінен өзекті мәліметтер алу туралы сұрау салуларды алу және өңдеу;
б) ақпарат көздерінің жалпы тізбесін қалыптастыру;
в) ақпарат көздерінің жалпы тізбесінен өзекті мәліметтерді немесе олардың ақпарат көздерінің жалпы тізбесінде жоқ екендігі туралы ақпаратты жіберу;
г) жалпы ақпараттық ресурстардан электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді алу және өңдеу;
д) жалпы ақпараттық ресурстардан электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді іздестіру;
е) сұрау салуды жіберген мүдделі органға жалпы ақпараттық ресурстардан электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді қалыптастырып, жіберу;
ж) сұрау салуды жіберген мүдделі органға жалпы ақпараттық ресурстарда электрондық құжаттардың, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтердің және (немесе) құжаттардан мәліметтердің жоқ екендігі туралы ақпаратты қалыптастырып, жіберу.
20. Жалпы процесті іске асыру процесінде Комиссия, мүдделі органдар және уәкілетті органдар жалпы процестер аясында бұрын пайдаланылған және (немесе) ұлттық ақпараттық ресурстардан электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді берумен байланысты функциялар мен сервистердің қайталап пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс.
V. Ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асырудың ерекшеліктері
21. Мүше мемлекеттің бір мүдделі органы мен екінші бір мүше мелекеттің уәкілетті органы арасындағы, мүдделі орган мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл интеграциялық жүйенің құралдары пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
22. Мүше мемлекеттің бір мүдделі органы мен екінші бір мүше мелекеттің уәкілетті органы арасындағы, мүдделі орган мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл осындай іс-қимылды регламенттейтін, Комиссия Алқасы бекітетін технологиялық құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
23. Мүше мемлекеттің бір мүдделі органы мен екінші бір мүше мелекеттің уәкілетті органы арасындағы, мүдделі орган мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді беру жалпы процестің технологиялық құжаттарында айқындалған мерзімде жүзеге асырылады.
24. Комиссияның мүдделі органға электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді ақпараттық өзара іс-қимыл аясында беруі ақпарат көздерінің жалпы тізбесінде бар осындай құжаттардың және (немесе) мәліметтердің ұлттық және (немесе) жалпы ақпараттық ресурстардағы ақпарат көздері болып табылатындығы туралы ақпаратты қоса берумен бірге жүреді.
25. Бір мүше мемлекеттің уәкілетті органдарының екінші бір мүше мемлекеттің мүдделі органдарына электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді өзара іс-қимыл аясында беруі ақпарат көздерінің жалпы тізбесінде бар осындай құжаттардың және (немесе) мәліметтердің ұлттық және (немесе) жалпы ақпараттық ресурстардағы ақпарат көздері болып табылатындығы туралы ақпаратты қоса берумен бірге жүреді.
26. Жалпы процес шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды жобалау және іске асыру кезінде мыналар ескерілуге тиіс:
а) ақпараттық өзара іс-қимыл барысында пайдаланылатын құжаттар түрінің тізбесінің, қосылатын ақпараттық ресурстар мен жалпы процеске қатысушылар құрамының өзгеру мүмкіндігі;
б) электрондық құжаттардың әлсін-әлсін өзгеруі және Комиссияның осы құрылымдардың жаңа нұсқаларын бекітуі.
27. Мүдделі органдар электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді интеграциялық жүйенің интеграциялық платформаларының құралдарын пайдалана отырып алады.
28. Жалпы процесті іске асыру аясында өзара ақпараттық іс-қимылдың мүше мемлекеттердің кеден органдарының берілген сәйкестік сертификаттары және өнімнің Одақтың техникалық регламенттеріне (Кеден одағының техникалық регаменттері) сәйкестігі туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары және сертификат бере отырып сәйкестігі міндетті түрде расталуға жататын өнімнің бірыңғай тізбесіне енгізілген өнімнің сәйкестігі туралы тіркелген декларациялар және бірыңғай нысан бойынша сәйкестігі туралы декларация туралы мәліметтерді алу бөлігіндегі ерекшеліктері № 2 қосымшаға сәйкес айқындалады.
VІ. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері
29. Ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде электрондық қолтаңбаны пайдалану тәртібі Одақ органдарының актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
30. Мәліметтерді интеграциялық жүйенің интеграциялық платформасы аясында берудің қауіпсіздігі интеграциялық жүйенің ақпараттық қауіпсіздігінің кіші жүйесінің құралдары арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.
31. Мәліметтерді мүше мемлекеттердің ақпараттық кеңістігі шеңберінде берудің қауіпсіздігі осы мемлекеттің заңнамасына және осы мемлекеттің аумағында қолданылатын ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына қойылатын техникалық талаптарға сәйкес қамтамасыз етілуге тиіс.
VІІ. Жалпы процесті іскеасыруға бағытталған іс-шаралар
32. Жалпы процесс шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру үшін Комиссия:
а) жалпы процесс шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру барысында мүдделі органдардың басқа мүше мемлекеттің уәкілетті органдары берген электрондық құжаттарды, және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді алу құқығын, сондай-ақ осындай құжаттардың және (немесе) мәліметтердің құрамы мен оларды алу тәртібін айқындауды;
б) Одақ құқығында ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру мерзімдерін белгілеуді;
в) жалпы процесті интеграциялық жүйенің құралдарымен іске асырған кезде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеуді;
г) Одақтың дерекқорының моделі негізінде электрондық құжаттарды және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) құжаттардан мәліметтерді беру үшін электрондық құжаттардың біріздендірілген құрылымын әзілеуді;
д) жалпы процесті интеграциялық жүйенің құралдарымен іске асырған кезде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттардың талаптарына сәйкес Комиссияның ақпараттық жүйесін (кіші жүйесін) пысықтауды;
е) уәкілетті органдар және Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті органдар ұсынатын мәліметтердің негізінде ақпарат көздерінің жалпы тізбесін қалыптастыру мен жүргізуді қмтамасыз етеді.
33. Мүше мемлекеттердің Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті органдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес ұлттық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға және (немесе) жүргізуге уәкілетті органдар туралы мәліметтерді осы мәліметтерді № 3 қосымшадағы 2-кестеге сәйкес құрамда ақпарат көздерінің жалпы тізіліміне енгізу үшін ұсынуын қамтамасыз етеді.
34. Комиссияның ақпарат көздерінің жалпы тізбесін жасауы үшін уәкілетті органдар Комиссияға құжаттардың және (немесе) мәліметтер көздері болып табылатын ұлттық ақпараттық ресурстар туралы ақпартты № 3 қосымшаның 1-кестесіне сәйкес құрамда ұсынады.
Ақпарат көздерінің жалпы тізбесіндегі мәліметтердің құрамы № 3 қосымшаға сәйкес айқындалады.
35. Уәкілетті органдар мен мүдделі органдар технологиялық құжаттар талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және осы жүйелерді интеграциялық жүйенің мүше мелекеттердің сегментіттеріне қосу үшін тиісті ақпараттық жүйелердің әзірленуін (пысықтауды) қамтамасыз етеді.
36. Жалпы процесті қолданысқа енгізу, жалпы процесті іске асырудың нәтижелеріне мониторинг және талдау жүргізу рәсімдерін орындауды жобалауды, үйлестіруді Комиссия жүзеге асырады.
"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары сыртқы және ішкі сауданы реттеу кезінде ресімдейтін, соның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсатында кедендік операцияларды жүргізген кезде ұсынатын құжаттардың дерекқорын пайдалану" жалпы процесін іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылдың ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СХЕМАСЫ
Еуразиялык экономикалык одакка мүше мемлекеттің мүдделі органының ақпараттық жүйесі | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының ақпараттық жүйесі | ұлттық ақпараттық ресурс | Интеграциялық сегменттің кіші жүйелері | Жалпы ақпараттық ресурстар |
"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары сыртқы және ішкі сауданы реттеу кезінде ресімдейтін, соның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсатында кедендік операцияларды жүргізген кезде ұсынатын құжаттардың дерекқорын пайдалану" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының берілген сәйкестік сертификаттары және өнімнің Еуразиялық экономикалық Одақтың техникалық регламенттеріне (Кеден одағының техникалық регаменттері) сәйкестігі туралы тіркелген декларациялар туралы, берілген сәйкестік сертификаттары және сертификат бере отырып сәйкестігі міндетті түрде расталуға жататын өнімнің бірыңғай тізбесіне енгізілген өнімнің сәйкестігі туралы тіркелген декларациялар және бірыңғай нысан бойынша сәйкестігі туралы декларация туралы мәліметтерді алу бөлігінде жүзеге асыру шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды жүзге асырудың ерекшеліктері
1. Осы құжат "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары сыртқы және ішкі сауданы реттеу кезінде ресімдейтін, соның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсатында кедендік операцияларды жүргізген кезде ұсынатын құжаттардың дерекқорын пайдалану" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының берілген сәйкестік сертификаттары және өнімнің Еуразиялық экономикалық Одақтың техникалық регламенттеріне (Кеден одағының техникалық регаменттері) сәйкестігі туралы тіркелген декларациялар туралы, берілген сәйкестік сертификаттары және сертификат бере отырып сәйкестігі міндетті түрде расталуға жататын өнімнің бірыңғай тізбесіне енгізілген өнімнің сәйкестігі туралы тіркелген декларациялар және бірыңғай нысан бойынша сәйкестігі туралы декларация туралы мәліметтерді алу бөлігінде жүзеге асыру шеңберіндегі ақапараттық өзара іс-қимылды жүзге асырудың ерекшеліктерін айқындайды.
2. Осы құжат Одақтың құқығына кіретін мынадай халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес әзірленді:
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт;
2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарты;
Еуразиялық экономикалық комиссияның "Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына (Кеден одағыың техникалық регалемнеттері) сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу" жалпы процесін берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізіліміне қатысты бөлігінде сыртқы және ішкі сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асырған кезде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2016 жылғы 10 мамырдағы № 39 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру тәртібін бекіту туралы" 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 169 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары алуы мүмкін сәйкестікті растау туралы құжаттар туралы мәліметтердің құрамын және осындай мәліметтерді алу тәртібін бекіту туралы" 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 168 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Берілген сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі туралы" 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 127 шешімі.
3. Осы құжаттың мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:
"бірыңғай тізілім" - қалыптастырылуы мен жүргізілуі берілген сәйкестік сертификаттары мен сәйкестігі туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігін жүргізуге уәкілетті мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының ақпараттық өзара іс-қимылы шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның заңнамасына сәйкес Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып электронды түрде жүзеге асырылатын сәйкестікті растау туралы құжаттар туралы мәліметтерді қамтитын жалпы ақпараттық ресурс;
"бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігі" - қалыптастырылуы мен жүргізілуін осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігін жүргізуге уәкілетті мүше мемлекеттің мемлекеттік органы электронды түрде жүзеге асыратын сәйкестікті растау туралы құжаттар туралы мәліметтерді қамтитын информациялық ресурс.
4. Жалпы процесті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 21 тамыздағы №136 шешімімен бекітілген "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары сыртқы және ішкі сауданы реттеу кезінде ресімдейтін, соның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсатында кедендік операцияларды жүргізген кезде ұсынатын құжаттардың дерекқорын пайдалану" жалпы процесін іска асыру қағидаларындағы сәйкестікті растау туралы құжаттар туралы мәліметтерді мүше мемлекеттердің кеден органдарының алуы бөлігінде іске асыру аясында ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында:
құжаттар туралы мәліметтер деп сәйкестікті растау туралы құжаттар түсініледі;
жалпы ұлттық ақпараттық ресурс деп бірыңғай ресурс түсініледі;
жалпы ұлттық ақпараттық ресурс деп бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігі түсініледі;
мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары деп бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігін осы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қалыптастыруға және жүргізуге уәкілетті мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары:
Армения Республикасы үшін – Армения Республикасының Аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік органы;
Беларусь Республикасы үшін – "Беларусский государственный институт стандартизации и сертификации" республикалық ғылыми-өндірістік біртұтас кәсіпорын (БелГИС);
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті;
Қырғыз Республикасы үшін – Қырғыз Республикасының Экономика министрлігі жанындағы Қырғыз аккредиттеу орталығы;
Ресей Федерациясы үшін – Аккредиттеу жөніндегі Федаралдық қызмет түсініледі;
мүше мемлекеттердің мүдделі органдары деп мүше мемлекеттердің кеден органдары:
Армения Республикасы үшін – Армения Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кірістер комитеті;
Беларусь Республикасы үшін – Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті;
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;
Қырғыз Республикасы үшін – Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі;
Ресесй Федерациясы үшін – Федаралдық кеден қызметі түсініледі.
5. Мүше мемлекеттердің кеден органдарының ақпараттық өзара іс-қимылды жалпы процесс аясында жүзеге асырған кезде алуы мүмкін сәйкестікті растау туралы құжаттар туралы мәліметтердің құрамы мен осындай мәліметтерді алу тәртібі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 168 шешімінде айқындалған.
Жалпы процесті іске асыру аясында сәйкестікті растау туралы құжаттар туралы мәліметтерді кеден органдары электрондық құжаттардың форматтары мен құрылымдарына және Электрондық құжаттардың форматтары мен құрылымдарының сипаттамасында келтірілген құжаттарға және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 10 мамырдағы № 39 шешімімен бекітілген "Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына (Кеден одағының техникалық регламенттері) сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу" жалпы процесінің берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізіліміне қатысты бөлігін сыртқы және ішкі сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру үшін пайдаланылатын мәліметтерге сәйкес ұсынады.
6. Бір мүше мемлекеттің кеден органы жалпы процесс шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде кедендік операцияларды аяқтауға және кедендік бақылауды жүзеге асыруға қажетті сәйкестікті растау туралы құжаттар туралы мәліметтерді беру туралы екінші бір мүше мемлекеттің уәкілетті органына сұрау салу жібереді.
Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпараттық ресурсындағы ұлттық ақпараттық ресурстар мен жалпы ақпараттық ресурстар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің ҚҰРАМЫ
1. Осы құжат Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпараттық ресурсындағы ұлттық ақпараттық ресурстар мен жалпы ақпараттық ресурстар (бұдан әрі – ақпарат көздерінің жалпы тізбесі) туралы ақпаратты қамтитын және ақпараттық өзара іс-қимыл аясында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер, Одақ) уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) арасында, сондай-ақ Комиссия мен мүше мемлекеттердің мүдделі органдарының арасында "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары сыртқы және ішкі сауданы реттеу кезінде рәсімдейтін, соның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсатында кедендік операцияларды жүргізген кезде ұсынатын құжаттардың дерекқорын пайдалану" жалпы процесін (бұдан әрі – жалпы процесс) іске асыру кезінде берілетін мәліметтердің құрамын айқындайды.
Жалпы процесті іске асыру аясында құрамы 1 және 2-кестелерде келтірілген мәліметтер беріледі.
2. Берілетін мәліметтердің көптілігін, толтыру міндеттілігін және мүмкін болатын қайталау сандарын көрсету үшін 1-кестеде "Көпт." ("Көпт.") деген графада мынадай белгіленімдер пайдаланылады:
1 - мәліметтер міндетті, қайталауға жол берілмейді;
1..* - мәліметтер міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;
0..1 – мәліметтер опционды, қайталауға жол берілмейді;
0..* - мәліметтер опционды, шектеусіз қайталануы мүмкін.
1-кесте
Ақпарат көздерінің жалпы тізбесіндегі мәліметтердің құрамы
Атауы | Сипаттамасы | Көп. |
1. Ақпараттық ресурстың бірегей сәйкестендіргіші | ұлттық немесе жалпы ресурстардың бірегей сәйкестендіргіші | 1 |
2. Ақпараттық ресурстың толық атауы | ұлттық немесе жалпы ресурстардың толық атауы | 1 |
3. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органы туралы мәлімет | мүше мемлекеттің ақпараттық ресурсты жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органы туралы мәліметтер 2-кестеге сәйкес көрсетіледі |
|
4. Ақпараттық ресурстың сипаттамасы | ақпарарттық ресурстың мақсаты мен мазмұнының сипаттамасы | 1 |
5. Құжат түрінің кодпен белгіленімі | мәлеметтері сыныптауышқа сәйкес ақпараттық ресурста болатын, Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесіне енгізілген мәліметтері бар құжат түрінің кодпен белгіленуі | 1 |
6. Электрондық құжат (мәліметтер) құрылымының кодпен белгіленімі | электрондық құжат (мәліметтер) құрылымының электрондық құжаттар мен мәліметтердің тізіліміне сәйкес кодпен белгіленуі | 1 |
7. Электрондық құжат (мәліметтер) құрылымының нұсқасы | электрондық құжат (мәліметтер) құрылымының нұсқасын электрондық құжаттар мен мәліметтердің тізіліміне сәйкес сәйкестендіретін символдар жолы | 1 |
8. Ақпараттық ресурсты пайдаланаушы туралы мәлімет | мүше мемлекеттердің ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге құқығы бар мүдделі органдары немесе олар уәкілеттік берген ұйымдар туралы мәліметтер | 0..* |
9. Анықтамалықтағы жазбаның қолданылу кезеңі туралы технологиялық мәліметтер | құжаттар туралы ақпараттардың жалпы тізбесіндегі жазбаның қолданылу кезеңі туралы технологиялық мәліметтерді қамтиды | 1 |
Ұлттық немесе жалпы ақпараттық ресурстардың бірегей сыныптауышы мынадай схема бойынша қалыптастырылады:
ZZXXXXXXX,
мұнда:
1-элемент - әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес мүше мемлекеттердің 2 таңбалы әріппен белгіленген коды. Жалпы ақпараттық ресурс үшін "ЕО" деген 2 таңбалы әріппен белгіленген коды көрсетіледі;
2-элемент – ақпараттар көздерінің жалпы тізбесіндегі ақпараттық ресурстың реттік нөмірі.
2-кесте
Мүше мемлекеттердің уәкілетті органы, мүше мемлекеттердің мүдделі органы туралы мәліметтердің құрамы
Атауы | Сипаттамасы | Көп. |
Елдің коды | мүше мемлекеттің әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес кодпен белгіленімі | 1 |
2. Мүше мемлекет органының (ұйымының) сыныптауышы | Одақ органдарының, мемлекеттік билік органдарының және мүше мемлекеттер басқармаларының, сондай-ақ олар уәкілеттік берген ұйымдардың анықтамалыққа сәйкес сыныптауышы | 1 |
3. Мүше мемлекет органының (ұйымының) атауы | мүше мемлекеттердің мемлекеттік органының (ұйымының) толық және (немесе) қысқаша атауын қамтиды | 1 |
Одақ органдарының, мемлекеттік билік органдарының және мүше мемлекеттер басқармаларының, сондай-ақ олар уәкілеттік берген ұйымдардың анықтамалыққа сәйкес сыныптауышы күшіне енгенге дейін мүше мемлекттер органының (ұйымының) сәйкестендіргіші мынадай схема бойыша қалыптастырылады,
ZZXXX
1 2
мұнда:
1-элемент – мүше мемлекеттің әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес 2 таңбалы әріппен белгіленген коды;
2-элемент – реттілігі бойынша нөмірі.
ZZXXXXXXX,
ZZXXX,