Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы Хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбесінің, ал олар болмаған жағдайда зерттеу (сынау), өлшеу қағидалары мен әдістері және Кеден одағының "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 001/2011) техникалық регламенті талаптарын қолдану мен оны орындауға қажетті үлгілерді іріктеу және 2024 жылғы 29 қаңтардағы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының № 9-шешімімен бекітілген техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру 3-ші бағанына, келесідей өзгерістер енгізілсін:
а) 94-позицияда "МЕМСТ 5037-2016" сөздері "МЕМСТ 33748-2016" сөздермен ауыстырылсын;
б) 184-позициядағы "МЕМСТ Р 51864-2008" сөздері "МЕМСТ Р 51864-2002" сөздермен ауыстырылсын;
в) 212-позициядағы "ҚР СТ ЕН 13593-2017" сөздері "ҚР СТ EN 13593-2017" сөздермен ауыстырылсын;
г) 213-позициядағы "МЕМСТ Р 51864-2008" сөздері "МЕМСТ Р 51864-2002" сөздермен ауыстырылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасы |
Б. Сағынтаев |