Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 14-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін актілерді жүйелеу мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Кеден одағы Комиссиясының "Уәкілетті экономикалық операторға берілетін арнайы оңайлатулар қолданылмайтын тауарлардың тізбесі туралы" 2010 жылғы 18 маусымдағы № 323 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 323 шешімінің 1-тармағына өзгеріс енгізу туралы" 2014 жылғы 13 мамырдағы № 60 шешімі.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2025 жылғы 1 сәуірден кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |