2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабының 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 18 қазандағы № 145 шешімімен бекітілген Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 008/2011) сақталуы қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 008/2011) талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу және техникалық реттеу объектілерінің осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 106 шешіміне ҚОСЫМША |
Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 008/2011) сақталуы қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 008/2011) талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу және техникалық реттеу объектілерінің осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 7-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | 97.200.50 |
Ойыншықтар. Сыныптау. Терминдер мен анықтамалар. | 2-бап | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей Федерациясы |
".
2. 12-позицияда:
а) 5-бағандағы "2025 жыл" деген сөздер "2023 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 6-бағандағы "2027 жыл" деген сөздер "2024 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) 7-бағандағы "Беларусь Республикасы" деген сөздер "Ресей Федерациясы" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 14-позицияда:
а) 5-бағандағы "2023 жыл" деген сөздер "2024 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 6-бағандағы "2024 жыл" деген сөздер "2025 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Мынадай мазмұндағы 19 – 22-позициялармен толықтырылсын:
"
19 | 97.200.50 |
Ойыншықтардың қауіпсіздігі. 3 бөлік. Химиялық элементтердің көшуі. | 4-баптың 3.4 және 3.5-тармақтары, 2-қосымша | 2025 жыл | 2026 жыл | Қазақстан Республикасы |
20 | 97.200.50 | Ойыншықтар. Қауіпсіздік талаптары. 13 бөлік. Иіс сезімін дамытуға арналған үстел ойындары, парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен дәмдік ойындар жасауға арналған жиынтықтар. EN 71-13:2021+A1:2022 негізінде МЕМСТ EN 71-13-2018 қайта қарау | 4-баптың 3.4 және 3.5-тармақтары, 2-қосымша | 2025 жыл | 2026 жыл | Беларусь Республикасы |
21 | 13.040.20 | Жабық үй-жайлардың ауасы. 6 бөлім. Tenaxta сорбентіне белсенді сынама алу, содан кейін термиялық десорбция және МСД/ПИД пайдалана отырып газохроматографиялық талдау арқылы жабық үй-жайлар мен сынақ камерасының ауасындағы ұшпа органикалық қосылыстарды анықтау. ISO 16000-6:2021 негізінде МЕМСТ ISO 16000-6-2016 қайта қарау | 2-қосымша | 2025 жыл | 2026 жыл | Қазақстан Республикасы |
22 | 19.020 | Әр түрлі құрамдағы материалдар. Тоқыма материалдарынан және винилацетат негізіндегі полимерлерден жасалған бұйымдардан бөлінетін винилацетаттың су және ауа ортасына көшуі деңгейін анықтау әдістері. АМИ.МН 0111-2023 негізінде МЕМСТ әзірлеу | 4-баптың 3.4-тармағы, 2-қосымша | 2025 жыл | 2026 жыл | Беларусь Республикасы |
".